Ескі архив · 19.06.2011 01:43

Сән қамауында (В плену у моды, Fashion )

Шыққан жылы: 2008 Режиссер: Мадхур Бхандаркар Басты рөлдерде: Приянка Чопра, Кангна Ранаут Мегхна (Приянка Чопра) үлкен қалаға арман қуып келді. Ол топ-модель болғысы келеді. Алайда, көрсетілім жұлдызы статусына жету оңай емес, ол жерде тәжірибелі топ-модель Шонали (Кангна Ранаут) орнын берейін деп тұрған жоқ. Әйтсе де, Мегхна да осал жан емес, мінезділігі мен жігерінің арқасында фэйшн-индустрияның жарық жұлдызына айналып, Шоналиге уішкізіп кетеді. Бірақ ол осы мансапты көтере ала ма? Шоналидің кебін киіп, нашақорға айналмасына кім кепіл??? Қыздарға көруге кеңес берем, жігіттер өздері білсін Ұнағаны: 1. Кангна Ранаут; 2. Композитор жұмысы 3. Аңырап 1 сағат бойы ешкім ән айтып-билемейді. Ващще ән айтпайды. Фильмнен үзінділер: Мегхнаның алғашқы көрген көрсетілімі: жұлдыз Шоналиге қызығып отыр. Мегхна алғаш қатысқан көрсетілім: әлі де Шонали жұлдыз, ал Мекхна 2-пландағы модель. Фильм саундтректері Мынаусы күшті успокаивает))
Авторы:
AKY

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту