Ескі архив · 20.06.2011 11:27

Ал содан соң...Ya Sonra...

Ақпан айында шыққан фильм еді, барып көре алмадық, сонымен интернетке шықса қарап аламыз деп жүргенбіз. Кеше ғана мүмкіндік туды соны көруге. Фильм «Ал содан кейін ше» деп аталады. Сценариін жазған әрі режиссері Өзжан Дениздің (Маусым түніндегі Байрам) өзі екен. Басты рөлдерде өзі, сосын Дениз Чакыр (Ферхунде). Ферхунде ойнайды деген соң тошно жақсы кино деп ойлағанбыз, солай екен. Кинодағы сомдаған рөлдері Адем мен Дидем. Оқиғасы 7 жыл үйлі болып, күйеуінің әйеліне деген жеткілікті көңіл бөліп, санаспауынан кішігірім проблемалар басталып ажырасуына дейін әкеліп соғады. Фильмнің жанрларын ажырата білмеймін, мынау романтикалық махаббат хикаясы ғой қысқасы. Жеңіл комедиялық тұстары да баршылық. Қалғанын айтып қойсам қызық болмай қалады, көру керек Түрік тілінде бірақ. Қосымша: Осы фильмнен кейін Байрам мен Ферхунде шын өмірде де бірге екен. Газеттер жазған еді бір ретте Ферхунде нағыз өмірде де Нежланың жігітін алып қойды деп, бір біріне жарасады екен Мынау фильмнің өлеңі
Авторы:
Dinara

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту