Домовой
Ощм, әңгіме былай, жер лай болып тұр. Кеше екі күн үйдегілер ауылға кетіп, жалғыз болдым. Содан тамақ ішіп отырсам музыкалық орталық өзінен-өзі қосылып кеткені. Не істерімді білмей қалдым. Сол комнатаға барсам ешкім жоқ. Бүкіл бөлмені аралап шықтым. Дым жоқ!
Өткенде осындай жағдай болып еді. Ол кезде мән бермедім онша. Ол кезде де үйде жалғызбын. Кино көріп отырған едім туалеттің суы өзінен-өзі ағып кетті. Үйде өзім ғана екендігіне сенімді едім. Түсінбей қалдым. Бірақ, ақауы шығып солай болған шығар деп мән бермеп едім. Одан кейін бір күні газет оқып болдым да столдың үстіне қойып кеттім газетті. Қайта келсем анадай жерде тұрған гүлдің гүлі жатыр газеттің бетінде. Түк түсіне алмадым. Өзім домовой дегенге сенбеуші едім. Енді не істерімді білмей қалдым.
