Керек-Айтыс басталады жақында
Айтыстың электронды түрін өткізіп көрсек деген ұсыныстар бар. Админ ретінде ұйымдастыру жағын өз мойныма алып жатырмын.
Өтетін орны — осында арнайы қауымдастық ашылады, сол жерде әр жұп өз шумақтарын пікір ретінде жазып отырады.
Қатысушылар саны — 8 ақын 4 жұпқа бөлінеді. Одан кейін жартылай финал, сосын 3-ші орынға талас және финал.
Алғашқы төрттікке жүлдеміз бар.
Тақырып — Интернет төңірегінде болғаны дұрыс шығар деп ойлаймын.
Қатысуға өтініш — қатысқысы келетіндер маған жекеге жазсын. Тақырыбын Айтыс деп жазсын.
Жеребе — маған келген өтініштер реті бойынша жүргізіледі, яғни 1 — 5, 2 — 6, 3 — 7, 4 — 8
1-ші өтініш білдірген адам 5-ші өтініш білдірушімен жұптасады.
Ережелер және қосымша ұсыныстарыңызды осында пікір қылып жазыңыздар.
