Ескі архив · 20.06.2011 01:14

Менің кішкентай ханшайымым! (Фотобаян)

Өмір деген бір ғанибет қой! Әйтпесе, мен жиырмаға келгенде әке-шешем шабыттанып кетіп қарындасты боламын деген ой он ұйықтасам да түсіме кірмепті. Туылғанда ары іздеп бері іздеп жүріп, Жасмин деген ат қойғанбыз. Шынында да Жасмин десе Жасмин. Иісіне басың айналады ғой приәм Кеше ауылдан Алматыға анам келді. Көріп біраз қуанып қалдым. Келгелі бері, басқа нәрсеге көңіл аудармай, кішкентай қарындасымның қасынан шыға алмай қалдым. Оны ойнатудың өзі өмірдің бір ләззаті ғой шіркін Қуанышымды бөлісіп, осы бір фотобаянды ұсынып отырмын деп өзімше боп қалайын 1) Ұйқыдағы кішкентай ханшайым Ағасы келіп бетінен сүймегенше ұйқтап жата береді 2) Ұйқыдан тұрды. Әпшесі ойнатып жатыр 3) Ағасына қарап жатыр 4) Nokia. Connecting People 5) Қара Сақалды ағасымен 6) Аяғымнан қытықтай бермеңдер 7) Жігітке жеті өнер де аз. Сол өнерлердің бірі Памперс ауыстыру шеберлігімнің куәсі болыңыздар 8) Шалбар ауыстырудан да кенде емеспіз 9) Ұйықтар алдындағы ағасымен үнсіз диалог Қайырлы түн, жаным сол Әрқашан да осылай көзіміздің қуанышы боп жүре бер
Авторы:
blackbeard

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту