Менімен 1 күні туған досымның тойы)))
1991 жылдың 13 Наурызы… Екі жүкті әйелдер бір уақытта роддомға түседі, бір уақытта босанып, дүниеге 2 қыз әкеледі. Олар: менің мамам мен Гаухар апай, сол күнгі жас нәрестелер: Мен және Айсұлу.
Мамаларымыз сол уақыттан бері дос, біз де алыста болсақ та, хат алысып, каникул кездері бір-бірімізге қонаққа барып жүретінбіз.
Енді міне, Айсұлу ұзатылып, тойдан келдім. Әдемі, нәзік қыз, мектепті «Алтын белгіге» бітірген, Алматының 1 ЖОО 3 курсын бітірді.Оған ата-анасы үй алып берген 1 курста, сонда бауыры екеуі тұрды(бауыры жастар арасында бокстан әлем чемпионы болғасын, Алматыға алдыртқан).Сол бауырына анадай болды: тамағын жасайды, киімін жуады…
Мұғалімдері, туысқандары айтып жатты, біз сені ары қарай оқиды ма деп ойлап едік, биіктерден көреміз бе деп едік деп...неге солай айтады екен, тілегіңді айт -болды
Бірақ тойды ұйымдастыру,қалыңдық пен күйеу жігіттің киген киімдері, стол-бәрі де тамаша болды.
