Ескі архив · 21.06.2011 17:52

Біреудің әйелі

Сүйірі – сиректеу, бұрыштар – доғал тым. Жорғалар шаңдатып өтеді топ алдын. Амалсыз әзірге өлімді Өлтіріп, Өмірмен тағы да Көңілдес боп алдым. ...құрлығым Көңілге шаттық боп себілдің, О, менің көкзеңгір неліктен көгім – мұң? Өмірім – Өмірден жалығып бір сәтке, Қойнында жатыр ол – Көңілдес – Өлімнің!.. Өмір ме, зулаған, тоқтатшы, әй, оны. Манағы сөзімнің барлығы жай еді… Өлікке айналып кетермін мен де ертең – Себебі Өлімім – Біреудің әйелі!
Авторы:
Tabigat

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту