Ескі архив · 21.06.2011 16:03

Ізгілік Нағиевтің жауабына жауап

Ізгілік кешегі хатыма жауап жазыпты, өзінің блогына. Оқып оны аядым, жыладым, өзімнің иттігіме налыдым. Енді монақ болып Тибетке кетпекпін, деп шұбыртсаң. Сол жауабына жауап жазбасқа амал болмады. Ассалаумағалейкум Ізеке. Өткендегідей хатшыларыңызға сілтеп қоймай, «үлкен басшы» басыңызды иіп, жауап жазып отырғаныңызға «шексіз алғысымды» қабыл алғайсыз. Жағдайыңыздың жақсылығы да қуантады. Енді сіз жауабыңызда жазған мәселеге көшсек. Сөзіңізде тұрам дегеніңіз дұрыс екен. Рахмет. Қалған өміріңізде де осындай азаматқа тән тірліктермен көзге түскейсіз. Хатыңызда менің кешегі хатымда жазылған нәрсенің бәрі рас екендігін үнсіз мойындапсыз. Бірақ соңғы тұяқ серпіс деген сияқты бірақ нәрселерді жазған боласыз. Керектің бетін, Маша.кз жасамау керек еді. Бірақ амал жоқ, ақ-қараны айыру үшін жауап берем. Ақтөбе мұсылмандарының ашық хаты» деп жазылғанға қатысым жоқ екенін тағы да қайталаймын, депсіз. Бірақ хат сіз мешіт үшін тіркеген, тұрақты пайдаланатын, сіздің хатшыларыңыз маған жауап беріп жүрген эл.почтадан жіберілген соң, менің қатысым жоқ деп қанша ант-су ішсеңіз де көңілді сендірмейді. «Бұл шаруа саған сенім білдіргендігімнен, әрі журналист жарнамашы ретінде өзіңді танып білгендіктен саған сеніп тапсырылған жұмыс болатын… Журналистердің ақысына материал жазып, жарнамалайтындары жасырын жағдай емес. Бұл шаруаның ақысы 50 000 (Елу мың) теңге деген соң, кейін екі жаққа да байланыс телефондарыңды жібердім. Өзара сөйлесіп, келісерсіңдер деп айттым. Бұрыннан бірге сөйлесіп жүрген кезімізде ақысына материал жазып, жарнамасын жасайтының туралы да өзің айтқансың, сол қызметі бойынша жасасын дегенім»,-депсіз хатыңызда. Бұндағы тапсырдым деген сөзді өтініш жасадым десеңіз дұрыс болады. Тапсыратын бастығым емессіз ғой. Сосын мен жарнамашы емеспін. Жарнамашы мен пиарщиктің үлкен айырмашылығы бар. Журналистер, иә, жан бағыс үшін арасында тапсырысты мақалалар жазатыны жасырын емес. Бірақ, журналистік этика деген болады, ол мақаланы бүкіл халық оқиды.Сондықтан ақша төленсе болды екен деп, кім-көрінгенді мақтап мақала жаза бермейді, шын журналист. Мен өзімді журналистикадан ғана көретін, өмірімнің соңына дейін соның ауасын жұтып өтетін адаммын деп есептеймін. Сондықтан көрінгенді жазып, алаяқтық таныта беруді ар көрем. Кейде банктердің, ірі компаниялардың өтінішімен жарнамалық немесе пиар мақала жазатыным рас. Бірақ ол мақалалар газет, журналда қоршалып, жарнама негізінде деп жазылып тұрады. Сосын таза фактлерге негізделеді. Бұл кім-көрінгенді мақтау болмаса керек. Сіздің имамға келсек сізге мазақ ретінде елу мың дегенім рас. Бірақ имам мен Ербол сөйлесіп, ақшасына келісіп, мақала шықты ма? Имамнан сұрап көріңіз менімен сөйлесіп, сондай әңгіме болып па? Агентте жазған хатыңызға, ол өзі дін адамы болса, маған да, оған да ақша туралы сөйлескен ұят болады дедім. Дедім ғой, дедім. Сосын сіз айтып қоймаған соң, все таки Медиалабқа «еңбегі сіңген» азамат қой деп, сосын сайттардың билігі қолыңызда түрған соң, бірден наққа жібермей, дипломатиялық тәсіолмен мынаған хабарлассын деп сізге өтірік нөмір бердім. Қандай нөмір бергенімді жазарсыз жауабыңызда, ол нөмірді менің пайдаланбайтынымды, ел біледі. Ол үнемі өшіп тұратын болған соң, әрине хабарласа алмады. Егер мен сондай мақала жазғыш болсам сізге шын нөмірімді беріп ойбай қазір звондай қалсын, болмаса сіз нөмірін берген берген имамға сол сәтте қоңырау шалып, е, көке давай дер едім. Одан бері бір апта өтті. Имам досыңыздан сұрап көріңіз. Егер сол «келісім» жасалса, мен мақаланы жазсам онда хатыңызға қосып сүйінші сұрауға болар еді. Жалпы, менің ондай тірліктерден қашатынымды жақсы білесіз. Әйтпесе талай рет сондай «тірлік» ұсындыңыз. Қарапайым «Ұждан» деген «мега жобаңызды» айтсақ болады. Егер ақшаға сатылатын адам болсам, сол «мега жобаны» жанталасып қолға алар едім. Мен керісінше оны ақша табатын емес, қоғамға пайдасы тиер жоба жасайық дедім, талай. Иә, ҚазАқпараттың жалақысы туралы министрге твиттер арқылы сауал жолдап, Маса кз-дағы мақалаға пікір қалдыршы өтініш жасағаным рас. Мынандай пікір емес, тек пікір дегенімді естен шығармаңыз. Мен сол кезде ҚазАқпараттағы жағдайды көтеріп, мақала жазғаным рас. Өкінішке орай бізде шындықты айтқан ешкімге ұнамайды. Сондықтан басшылықтың мені ең біріншілердің бірі болып қысқартуға жібереміз деп жүрген кезі. Сізге ҚазАқпарат туралы мақаланың сілтемесін өз атыңыздан министрдің твиттеріне жіберсеңіз деп өтініш жасадым.Онда да сіз ғана отырып қалдыңыз сол сәтте. Әйтпесе кез-келген адам бұл өтінішті орындар еді. Мен бұл жерде біреуге жамандық жасап тұрғам жоқ.Болмаса біреудің сайтын жауып таста деп отырғам жоқ. Иә, клуб туралы идея мүлдем ұнамады. Сіз жазғандай «Идея өте тамаша» деген болсам, онда бірден қолға алар едім. 5 ай бойы маған өткізейік деп, менің мойнымды бұрғыза алмағаныңызды ұмытпаған шығарсыз. Ұждан блогына оны мен жазғам жоқ, сіздің қолдан шықты. Иә, клуб бағытын өзгерту туралы ұсыныстар айтқаным рас. Оны жоғарыда айттым. «Жеке офистік бөлме, баспасөз клубын алуға мүмкіндік сол кезде болды» дейсіз, үшбу хатта. Болса қайда, неге алмадыңыз? Қақсап,қақсап, орындата алмадық қой. Істейтін адам үшін 5 сек. «Медиалаб атынан Ербол сен барып сөйлесіп, таныс деп айтқаным рас. Сол кезде белгіленген уақытта кездесуге неге келмей жүргеніңді де енді түсіндім»депсіз. Түсінбейтін нәрсем мен неге барып сөйлесуім керек, танымайтын адаммен офис туралы. Кеңсе мәселесін ала-алатындығыңызды сіз айттыңыз, сіз уәде еттіңіз. Әрине, мен барып танымайтын адамға кеңсе берші деп қайыр сұрап тұрмаймын. Одан да жалға алғаным жақсы.Ізгілік алам деп уәде береді, Ербол сол уәдені Ізгілік үшін орындай ма сонда. «Домендер басында Медиалаб атында деп жазулы тұрды. Кейін ол жағдайда тіркелмеген мекеме атына жазылған болып есептеледі де, доменге бәрібір жауапты Каламгер ТЕН болады». Иә, Медиалаб атына тіркелді. Сіз оны менімен ақылдаспай, ескертпей ауыстырып алдыңыз. Қаламгер тен қалай жауапты болады. Түсіндірмепсіз. Бұндағы шаруаларға Қаламгер теннің еш қатысы жоқ.Тек домендер Қаламгер тен арқылы тіркелгені болмаса. Қалай сонда құрылып жатқан ұйым үшін басқа бір ЖШС жауап береді. Сонда Ізгіліктің Қаламгер теннің Медиалабты құруға қатысқаны, сосын Қаламгердің басшысы болғаны үшін Медиалабтың сайтына Қаламгер жауап беру керек па? Менің де ИП-ым бар. Сонда Медиалаб үшін менің ИП-ым да жауапты болар ма еді. Логикаңыз түсініксіз. Хатыңызда сандырақ сөздер көптеу.Еще 7 күнге өз атымнан мақала салам дейсіз. «Оның үстіне осы жағдай алдында, сайттың редакторлық билігі қолында тұрған: Редактор: Ербол Азанбек деген жазудың өшірілгенін неге екенін білмедім. Сайтқа қайтадан кіріп өзгертіп орнына қойдым да Ерболдан себебін сұрадым: «Редактор болмаймын, материалдарына жауап бермеймін» деген әңгімелер айтылды. Сіз маған айтпай сайтты Қаламгер теннің атына ауыстырып алған соң, сайт Қаламгердің меншігі деген әңгімеңізді естіген соң, әрине мен «иесі басқа біреу» сайттың редакторлығынан бас тартам. Ол үшін Қаламгер мені жалдауы керек, келісім-шарт жасасуы керек. Сіз соны естіп маған хатыңызда көрсеткен бірінші договорды жібердіңіз. Адамды ақымақ қылғыңыз келеді. Сайтты маған білдірмей, атыңызға ауыстырып аласыз.Сосын маған келісім-шарт ұсынасыз. Ол келісім-шартты оқи сап-ақ Патиктің көршісі Әшөкке бергем мынандай пәлелерді оқи бер деп. «Олай болса мен де сайтты жауып қоямын, қазіргі жағдайда кім жауапкершілік алады деп сайтты сол уақыттан бері жауып қойдым. Ербол: «Егер сайтты жауып қойсаң, казинформ журналистері сотқа береді, жаман болады» деп ескертулер жасады». Бұл жерде Қаламгер тенге жауапкершілікті ешкім берген жоқ. Өзіңізден өзіңіз жауапкершілікті алып-ап, мақтау туралы талаптарыңыз орындалмаған соң сайтты жауып тындыңыз. Мен талап етіп атыңызға ауыстыртып, сосын авторлық құқық туралы әдейі әңгіме бастасам, онда басқа мәселе. Мен юристермен ақылдасқан соң олар Қаламгер тенмен араңда келісім-шарт болмаса онда авторлық құқығыңды бұзғаны үшін смело сотқа бересің деді. Мен Қазақпарат тілшілерімен, әріптестеріммен келісіп, олар ақпарат жазып жүрген 7 күнге. Сізге соны түсіндірдім, жарайды сайт Қаламгердікі –ақ болсын, онда мен және басқа да ақпарат жазып жүрген Қазақпарат тілшілері сотқа береміз бірігіп дедім. Дұрыс қой, сіз үн-түнсіз атыңызға ауыстырып алып, сайт менікі деп шықтыңыз. Сайт сіздікі болып кетті жарайды, онда менің материалдарымды пайдаланып, авторлық құқығымды бұзған болып тұрсыз ғой. Оны да бұрмалап жазып тұсыз. «Олай болса өзара келісім шарт жасайық деп, Ербол жіберген келісім шарт мәтіні негізінде келісім шарт әзірлеп қойдым». Мен сайттың жабылып қалмауы, ары қарай жұмыс істей беруі үшін амалсыз келісім-шарт жіберуге мәжбүр болдым. Онда Медиалаб тіркелген соң, сайттарды Қаламгер тен өз иесі Медиалабқа беруі керек, қазір уақытша басқара тұрады, Медиалаб тіркелген соң Қаламгерден шыққан шығындарды қайтарады дегем. Алайда сіз маған қайтара жіберген келісімде сайттардың домен+ хостинг бағасын айдан алып қойыпсыз.Ол өзіңіз шеккен шығындарды қайтару емес, өз сайтымды өзіме сату болып табылады. Ең басындағы келісім, идеяны жүзеге асырған соң, меншігіне алып-ап, медиалабтың өзіне қайтара сату емес, тек Медиалаб тіркелген соң Қаламгердің шығындарын қайтару келісім болған. Амалсыз тағы да Әшөкке сыйладым шартты. «7кун сайтын өзіміз-ақ жасайық, ешкімнің көмегінің қажеті жоқ дегенімде, Ерболдың: «Сағын деген жігіт тегін жасап беріп көмектеседі, ешқандай құқық талап етпейді» дегеніне қарсы болдым. Шындығында: Сағынмен өзара келісімдерің бар екенін жоққа шығарған соң, келісімдерің бар екенін білмедім». Аха, құпия келісім болды, сені тақтан төңкеру мақсатым еді, деді большевик Сашка, ақ патшаға. 7 күн сайты біздің жобада болмаған. Шындықты айту керек. Сағын ұсыныс айтып, ол екеуміз бастаған соң ғана сіз өзіміз жасайық дедіңіз. Алайда сіздің бұрынғы сайттарды қарап шығып, дәл сондай сайт жасай алатыныңызға күмәным бар. Кеше жігіттер жазыпты премиум шаблондарды настройкасын жасап берші деп сұрады деп. Иә, Сағын тегін жасаймын, еш құқық жауапкершілігіне таласым жоқ, Медиалабтың меншігі деп бірден айтты. Осы ғана өзара келісім болды. Сағынның мұндағы мақсаты жеке бір сайт болса да дамыса. Ақша, басқа ой қуып тұрған жоқ. Сіз оны күманданып, қазір де өзара келісімі бар екендігін білмедім деп тұрсыз. Ал, шын мәнінде идея, дизайн Сағын мен Ерболдікі. Сайт қайта ашылса Медиалаб пен Сағынның меншігі ретінде көрсетпекпін. Еңбекті бағалау керек. «7күн кз-ға мен жасаған сайттар мен қаламгер тен туралы мақтап мақала жазып тұр» осы жағдай туралы «сайт өзіміздікі ғой Ізеке, жариялаймыз» деп айтылған соң ғана жазшы дедім. Мен бас-көз жоқ Ізеке сайт өзіміздікі, жариялаймыз дегем жоқ. Сіздің агент арқылы қоқаныңыздан соң, сайтты сақтап қалу, сіздің тараптан жауып тастамауы үшін ғана айтуға тура келді. Өйткені домен+ хост пароль, маролі сізде болды. «Бұл мәселе де жаңалық емес, қалыпты сайттарға тән жағдай». Оқырманға күнде бір ЖШС-ның болмайтын жаңалықтарын оқи беру қызықсыз. Сіз жасадым деп жүрген Нұр кз күнде мынандай сайт жасадық деп өз ішіндегі жаңалықтарын тықпалай бермейді. Егер адам оқитын сайт болсын десеңіз, өзіңізді мақтай беруден қашу керек. Егер өзіңді мақтайтын сайт ашқың келсе корпоративтік сайт аш, өз жаңалығыңды салып отыр. «Ереке, жеңгеңнің екіқабат екені рас, сол кез де ауруханаға барғаны да рас, ол туралы агент арқылы сөйлестік, сен кешірім сұрағансың». Қызық -ей елдер танымайтын әйелі түннің жарым ортасында звондап боқтайды, сосын мен куйеуінен кешірім сұрауым керек па? Қартая бастапсыз, артынан агентке шығып, түнгі 12-де Ереке деп сіз кешірім сұрағандай едіңіз. Мен соңында екіқабат болса, аман-есен босансын, еркекше шешетін дүниеге екіқабат әйелді араластырып болмады –ау деген едім. «Фархадпен сөйлескеннен не түсінгеніңді білмеймін, бірақ атқарушы директор ретінде қазір «Қаламгер ТЕН» ЖШС жауапты Фархад. Ол сөзім рас». Ол ештеме түсініп тұрған жоқ, тек сіздің тапсырманы орындап сайтты өзіме сатуды көздеп тұр. Оған ысырып қойып, сайтты сатпақ ниетіңіз түсінікті ғой. «Сөзімде тұрамын, Блогкемп жиынына жауапты арнайы қоғамдық қор құрылса, сол қорға ақысыз ауыстырып беремін». Блогшылардың қоры құрылмаса ше? Ол жәй талқылау болды басында керекте. Сіз шын ниетпен сыйласаңыз сол сайтты, біреуміздің атымызға ауыстырып бірақ сый жасағаныңыз дұрыс болар еді. Биылғы жылы домен+хостинг аты сізде болғандықтан блогшылар ол сайтты пайдаланбаймыз, Ізгілік көрінген нәрсені жазып тастайды деп бас тартып, Медиалаб атынан қостық деп, адвокат болып, жауапкершілікті мойныма алам деп сол сайтты пайдалануға көндірген едім. Кейін мүлдем сізге сенбейміз деген соң хостингі ауыстырылды.Егер сіз қорға ғана деп тұрсаңыз, онда амал жоқ, Сатыбалдыны онлайн, Қатыбалдыны оффлайн түрде атпен жіберіп, Шиваны төбеңізден түсіруге тура келеді, десең ба. Оны өзіңіздің ар-ұятыңызға қалдырайық. Ешкім сұраған жоқ, атаған соң берген дұрыс.Класстасым ренжіп жүр еді. Тойымда нағашым ат атап, кейін сұрап барсам, қасқыр жеп кетті деп лақтырды деп. Енді үйге келген сайын тойдың кассетасын қосып қойып, тура өзінің ат атап тұрған жерін көрсете берем әдейілеп деп. Сол сияқты болмаса болды. «Жеке танымал доменді сататындар мен сияқты арзан бағаға сатпайды. Тіпті осы 7кун доменін сатшы деп 2000-5000 доллар аралығында ұсыныс білдірушілер де болды». 7 күн кзны Қаламгер тен жеке сатып алып, танымал жасап па? Көпшіліктің алдында айтыңызшы, Ерболдың айтуынсыз, тіпті ол жоқта сатып алып, танымал жасадым деп. 2000-5000 долар аралығында бағаланса, Ербол мен Сағынның еңбегі. Сіздің еңбек тек соны тіркеп бер деген менің өтінішімді орындағаныңыз ғана. Егер Қаламгер тен сол доменді жеке сатып алып, сосын сатса онда аузыңа келген бағаға сат. Ал, біреудің өтінішімен тіркеп, танымал бола бастаған соң, басып алып сату ауыр жазаланады. «Жоғарыдағы екі сайт менің еңбегім сіңген, менің идеям.» Басында бірге пікірлесіп, ақылдасып отырып шешілген, бекіген мәселелер еді, енді тек қана сенікі бола қойсын. Ал, Ұждан клубы кімнің идеясы екен?" дегеніңізге айтарым, еңбек туралы тәпіштеп кеше жазғам, оған ешкім таласа алмайды. Өзіңіз де менің мындай еңбегім сіңді деп айта алмай отырсыз. Егер болса жазар едіңіз. Ұжданға таласым жоқ. «Ұждан» клубы ғана сіздің идея. Оған қоса, Жасылдар партиясының тегін офисі, баспасөз клубы сияқты идеяларды сізге авторлық құқығымен сыйладым. «Медиалоқ» деген қор құрып, пайдалансаңыз мүмкін ақшаның астында қалуыңыз бек мүмкін. Тоқетері хатыңыздан кешегі Ерболдың жазғандары ішінен мынауы өтірік деп бетіме басып ештеме айта алмапсыз. Жайыңыз белгілі. Сайтты қайтарам деп соңғы абыройыңызды сақтап қалғаныңыз дұрыс болған. Болды сөзім тәмам, енді жауап жазбаймын. Бәрі түсінікті елге. Керекші ағайынға: Ағайын, ел-жүрт ықыластарыңызға, пікірлеріңізге, қолдау білдіргендеріңізге рахмет. Әр істе абай болыңыздар. Кешелі бері оқып жатырсыздар, әр нәрсеге, адамға байыппен қарау қажеттігін. Өз басым универ біткен соң, бизнеспен айналысам деп сенудің арқасында әлем ақшаға косякқа кіріп кетіп, былтыр ғана құтылсам да, әлі күнге дейін адамдарды тергеп-тексерусіз сену дегенді меңгере алмай-ақ қойдым. Кешелі бергі шу соның арқасы. Пиар маманы ретінде білерім бұның өзі Медиалаб атына, 7 күнге қара пиар. Ұйым атына шу ілінген соң-ақ болды, былайғы жұрт шуы көп жер сияқты көзқараспен қарайды. Сондықтан құрсын деп бұл домендерді тастап кете салатын да ой болды.Жаңа жобаға бастаған сәттірек болады. Солай істемек ниетпен 7 күн. де деген доменді де тіркеп қойдық. Алайда шындық қымбат, абырой қымбат, еңбек қымбат.Сен істемесең сен үшін біз сайттарды қайтарамыз деп жігіттер ашуланған соң, осылай шешуге тура келді. Әйтпесе тып-тыныш шешкім, Керектің бетін айқай-шуға толтырғам келмеген. Ізгілікке дипломатиялық тәсілдермен сөйлесіп, түсіндіріп, сөзін жеткізбек болып едім. Көнбеді. Ақыры осылай болуға тура келді. Дауымыз осымен аяқталсын. Бүгін хатын алдым, тегін берем деген. Тегін ештеме жоқ. Тиісті ақысын есептеп, берем. Осы уақытқа дейін талай шығын шектіргені үшін тегін алуым керек деп ойлағам. Алайда кешелі бері жазылып жатқан пікірлердің өзі-ақ соның өтеуі деп білем. Сондықтан Қаламгер тіркегендегі құнын қайтарам, әділі осы. МеdiaLab-қа келсек жақын күндері бірқатар жобаларды қолға алмақпыз.Бұйырса күзден бастап белсенді жұмыс атқаратын боламыз. www.7kun.kz интернет газетін қайтарған соң, қайта ашып, бұрынғыдай белсенді жұмыс атқармақпыз. Сонымен қатар оған www.7kun.de домені арқылы да қосымша кіруге болады. «MediaLab» жүмысын жандандыру туралы ақыл-кеңес беріп, қолдау білдіріп жатқан Асхат бауырыма мың алғыс. Менің интернетке келіп блог, Керектің бетінде отырып, осы саланы меңгеруіме жол сілтеген Асхат, алла разы болсын Асеке. Сайт жабылып қалғанда Ереке не көмек деп тұрақты хал сұрап тұрған Аршат админ братқа, Сағын, Садық, Қожеке, Сатыбалды, Қатыбалды (епті байымайды, бүттән кетті деп қоюға тура келеді осы жерде), басқа да қолдау білдірген Садықша айтсақ әпше, быратарға үлкен алғыс. @qisiq Ізгілік жіберген шпиен сияқты, үндемеді. Кеше бір тамыздым деп қойды, арасында. Қайда қарап, кімге тамызды, че то не то. Қатыбалдыны жіберем, анықтап қайтсын. Керекті жеке бастың ақпаратына толтырсам, айыпқа бұйырмассыздар. Талай айға созылған ашу-ызаның әңгімесі бәрі. Жалпыға пайда бір сайт болса да, қайта ашылып жұмыс істейтін болды. Рахмет. Тағы 5 бет болып кетті )))
Авторы:
Erbol

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту