Ескі архив · 21.06.2011 18:30

Матаға салынған суреттер!

Армысыздар, бармысыздар Керекинфо-ның көңілді қауымы!!! Бұл жазбамда сіздерге матаға салынған суреттерді ұсынбақпын. Көп сөзді жазудың қажеті жоқ, одан да суреттер сөйлесін… 1-қадам: Ақ матаға салатын суретіңіздің нобайын қаламмен немесе қара гуашьпен сызамыз. 2-қадам: Суретке әдемілеп әр береміз, яғни түрлі-түсті етіп бояймыз. 3-қадам: Негізгі суреттің өзі онша әдемі көрінбейтіндіктен, табиғат аясындағы бейнеге келтіреміз, фантазияға қарай 4-қадам: Соңғы штрихтарын келтіріп, әдемілеп, әспеттеп жұмысты аяқтаймыз. Мінекей, жұмыс аяқталды! Бірінші жұмыс бітті. Екінші жұмыс та осы сынды, тамашалайық. 1-қадам. 2-қадам. 3-қадам. Мінекей, ағайын! Матаға салынған суреттер осымен бітті. Тамашалағандарыңызға РАХМЕТ!!! Пы.Сы. Алдыңғы жазбаларда айтқандай керемет суретші емеспін, шалалықтарымды кечіре салыңыздар, көңіл-күйге байланысты суреттерді саламын . Бір қытайдың суретшілер туралы киносында айтқан сөз еске түсіп тұр: «Сурет салу… мүмкін, бұл, жүректегі мұңды жеткізу құралы болар...» Айтпақшы, құрал — жабдықтар: ақ мата, гуашь мендегі гуашь 6 ғана түстен тұрады, қылқалам түрлері, сосын… тааак, салатын суретіңіз болса жеткілікті. Бары осы!
Авторы:
AKA

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту