Ескі архив · 21.06.2011 11:35

Сұрақ белгі?

Тағдыр оған тау қылып сынақ берді, Атам бірақ, әлінше шыдап көрді. Бұрындары леп белгі сияқты еді, Ал, бүгін аумай қалған сұрақ белгі. Ол тұрғанда арман жоқ менде бөтен, Өмірін өлеңіммен тербеп өтем. Жерге қарап бүгіліп жүреді атам, Дегендей түптің-түбі жерге кетем! Жанымызға мәңгілік тұрақ бар ма? Ілгері шығарғанмен мұратты алға. Жастық шағың — леп белгі, бір күндері, Леп белгілер айналар сұрақтарға. Телпегін таршылықтың басқа киіп, Еңсесін түсірмейтін басса күйік. Сауалы таусылмайтын қайран уақыт, Адамды да сұрақ қып тастады иіп. Ғұмыр-ай, бағынтасың соныңды ұқтым, Кеудеме шегендедің өмірлік мұң. Талай жыл шойын жолдың бүккен белін, О, мезгіл атамның да белін бүктің. Қалай ғана бұзармыз тұзақты бұл, Соңымнан салып өтті жүз ат дүбір. Леп белгілер өшеді парақтардан, Сұрақ белгі сүреді ұзақ ғұмыр. Мен едім даусын көкке жеткізген ұл, Тұсымнан дауылыңды соққыз небір. Шаңырағыңа шалқайып келгендерді, Есігіңнен еңкейтпей өткізбе өмір. Тыңда біраз, боз дала құлақ қойып, Уақытыңды жоқтама жылап қойып. Сұрақ беріп мені өмір қинады көп, Мен де өмірге кетемін сұрақ қойып. Олжас Қасым
Авторы:
Kasymolzhas

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту