Ескі архив · 21.06.2011 23:43

Түс көрдім мен...

"Ұйықтаса, өңі екен" © Сатыбалды «Түсімде сен, батырым...» — деееп қуып кетсең, ә))) Ондай форматтағы түстер көзден бұл-бұл ұшқаны қашан… Бүгін түсімде биология мен географиядан сабаққа дайын болмағандықтан, мектепке барудан бас тартып жатыр екем… Түсімде мектепті жиі көрем… Негізінен мазмұндары бір-біріне ұқсас келеді: ылғи не тарихтан, немесе географиядан үй тапсырмасын оқымаған болып шығамын. «Сабақ сұрамаса екен» деп, ыңғайсызданып, бұғып отырғандағы жағымсыз сезім… Әсіресе, өңінде өмірі сабаққа дайындықсыз барып көрмеген адам үшін өте жағымсыз… Психологтар (проктологтар емес!) адамдардың мұндай түс көруін өз-өзіне сенімсіздігінен, немесе ойға алған нәрсесін жүзеге асыра алмай, өзіне көңілі толмай жүргендігімен түсіндіреді. Түсіңде мұғалім алдында қызару, емтиханда бір де бір сұрақты жауабын білмеу — осының бәрі адамның жеке өмірде болсын, қызметте болсын өз-өзіңе қанағаттанбаудан туындайтын дүниелер дейді. Апдейт: Ал сендер қандай түстер көресіңдер?
Авторы:
AKY

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту