«Рух пен тіл» клубының өкілдері екіге бөлінді
Жанболат МАМАЙдың айналасында құрылған «Рух пен тіл» клубы екіге жарылды. Бұрын клубтың белсенді мүшелері болған кейбір жастар ресми түрде «Рух пен тіл» клубын құрмақ. Сол мақсатта Әділет министрлігінен тіркеуден өтуге қамданып жатыр. Ал халыққа «Рух пен тіл» клубының жетекшісі ретінде танылып жүрген Жанболат МАМАЙ клубтан кетпегендігін, бұрын клубта болған кей жастардың «Рух пен тіл» клубының атын жамылып, бөлек топ ретінде әрекет етіп жүргендердіктерін растады.
Үй ішінен үй тігіп, «Рух пен тіл» клубын заңдастырып аламыз деп жүргендердің көшін Айбар ЕРМЕКҚАЛИЕВ бастап жүр. Ол және оның бастаған тобы осыған дейін БҰҰ-ның Алматыдағы кеңсесі алдында Р.Әлиевтітің тиісті жазасын алуына ықпал етулерін сұрап, Астанадағы Аустрия елшілігінің алдына барып, Р.Әлиевті экстрадицияламай жатқан елдің билігіне сын айтып үлгерді.
Бұған дейін «Болашақ» қозғалысының өкілдері дәл осы сарындағы саяси маңызы бар «ойынға» араласқандай болып еді. Күлкің келеді.
