Ескі архив · 22.06.2011 23:01

Твиттермен әлемді алдаған түрік

Твиттер арқылы бір түрік әлем және Түркия журналистерін мазақ қылды. Галатасарай клубы президенті болып өтірік аккаунт ашқан ол, кеше Галатасарай Атлетико Мадридтің ойыншысы Рейеспен келісті деп жазған еді. Осыны шынымен клуб басшысы жазды деп көптеген газеттер және сайттар жаңалық қылып жазған. Кейін ол әлемде 200-ге жақын жаңалыққа тақырып болдым деп мазақ қылған твит жазды. Сосын қай газеттер жазғанынсілтемелер арқылы беріп отырды, ішінде Түркияны санамағанда француз Le Equipe, испандық AS, Marca-лар бар. Кейін бұл жігіт журналистерге арнайы мессадж тастады: "Іздестірмей, сенімді болмай, тегін жаңалық құрастырғанша, кішкене болса да еңбектеніңдер, әр көрген қиярларыңа тұз алып жүгірмеңдер" депті ол. Біздің журналистерге де сабақ болсын деп жазып отырғаным ғой. Кішкене 5-6 жыл ерте жазып қойғанымды түсініп отырмын, бірақ журналистердің бәрі Орташа есеппен қазақ журналисті емес қой
Авторы:
arshatoraz

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту