Ескі архив · 23.06.2011 21:52

M@lagent

Соңғы уақытта ауылдың жасөспірімі түгел агентте отырады. Бәрі бір-бір әлемнен ашып алған. Қалтафонмен неше түрлі суретке түсіп, оны өз әлемдеріне жүктеп, бір-бірімен достасып өтіп жатқан тылсым өмір. 14 жасар інімді қосам деп, оның біраз сыныптастарымен дос болуғе тура келді. Қабылдамайын десең, ауылдың кішкентай балалары ғой, өзінше әлдеқандай деп ойлар деп… Сонымен ауылдың агентші жастарымен дос болдым. Бірақ, әлеміме кіріп, жазбаларды оқып, кейде жағамды ұстайм, кейде ұялам… Ауылда ырымға бір орыс жоқ, әлгілердің бәрі орысша сөйлеуге сондай талпынады: V7 privet, харошая пагода, радной как дила? Жизнь прекрасно! Казел он, Я не отдам тебе никому! споки ночи, V7 poka! тағы сондай статустарды оқып, *мамма* дейсің… Содан тағы басқалары басқа біреудің статусына келіп алып, (әлгі статуста Эйнштейнның өсиет сөзі жазылып тұрады) өзінше орысша амандасып кетеді. Оның әлгі цитатаға еш байланысы жоғы ешкімді қызықтырмайды. Кейбір керемет өсиет сөздерге 200ден астам коммент жазылған. Қарасаң: әркім келіп V7 privet, споки ночи, v7 poka деп жаза берген. Бір шүйіркелесіп маңызды әңгіме айтып жетістіріп де жатқан жоқ. тағы біреулері әкеден не шешеден түк қоймай балағаттап кетеді. Қайран интернет, қайран кетіп жатқан бірліктер ай… Басында сондай қуанған едім, қандай жақсы болды жастарға, ауылға да ғаламтор келді деп
Авторы:
Simona

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту