Ескі архив · 23.06.2011 21:53

«Ойтөбе» ашылды!

Абай.кз сайты «Ойтөбе» ашылды! деп, мақала жазыпты. Осыған қарап: "Іс жүзінде ашылғанынан бірнеше айдың жүзі болса да е "өлісі", е «тірісі» белгісіз жатқан блог-тұғыр ресми түрде ашылған болар" деп ой түйдім.… блог-тұғырдың ресми ашылған уақытын Ойтөбеде былай деп көрсетіпті: Ойтөбе 2011 жылдың маусым айында іске қосылды. Төбенің бастауында тұрған – «Абай-Информ». Сонымен, Ойтөбе деген не зат десек: «Ойтөбе» — әлеуметтікке бағытталған блог-тұғыр. «Ойтөбе-news» бөлімінде күнделікті жаңарып отыратын жаңалықтарды бағалауға, оларды талқылауға да, тіпті әлеуметтік сайттарда достарыңызбен бөлісуге де болады. «Ойтөбе» — онлайн life-style журнал. Бұл бөлімде біздің блог-тұғырда жарияланған жазбалардың үздіктері мен ерекше назарға ілінгендері шығып тұратын болады. Бұл бөлімнің ерекше перспективасын әлі қарастырып жатырмыз. «Бүгін төбеде» — бұл танымал блогерлерді одан да танымал ететін промо-бөлім. Бір күнде ерекше талқыланып, назарға іліккен жазба мен оның авторы марапатқа ие болатын болады. «Ойтөбе» блог-тұғыры негізгі екі ірі бөлімнен тұрады. «Төбе» — жеке блогтар және «Мінбер» — қауымдастықтар. «Төбе» — әр тіркелген блогердің жеке блогында жарияланатын жазбалары. Бұл бөлімдегі жазбаларды тек блогқа жазылған достары ғана оқи алады. Ал «Мінберде» жарияланған жазбалар қауымдастыққа мүше әр блогер оқи алатын ортақ жазбалардан тұрады. oitobe.kz/index/about
Авторы:
Zako

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту