Стразмен жасалған сурет
Менің бір апам сондай ісмер адам болған екен: қолынан келмейтін нәрсе болмапты. Бүкіл ауылды киіндірген дейді, ол кісі мен 1 жаста болғанда қайтыс болған.Өзім көрмесем де, ол кісі тоқыған алаша, басқан сырмақ, макрамэлерді, ескі суреттерден ол кісінің тіккен киімдерін көрдім. Шынын айтсам, мен тіге де, тоқи да білемін(біздің мектептен шыққандардың бәрі мастер.Болмай көр, сондай мұғаліммен).Бірақ мен қолөнерге қарағанда, ас үй жаққа жақындаумын...жыбырлааап отыруға шыдамым жетпейді.
Ал сіңліме сол апамыздың ісмерлігі дарыған. Кішкене кезінде де, бөлмесінің есігін жауып алып, сурет салып, не тоқып, не қағаздан бірнәрсе жасап отыратын.Әр мейрамға сыйлық жасайтын бәрімізге.Міне ол жақында стразымен панно жасады.Суретті интернеттен алыпты.Папам мен мамамның 22 жылдық мерейтойларына арнап.Бірақ… әлі құпия,21 июльде сыйлайды.
Менің сіңліме респект деп қояйықшы!
