Велосеруен
Бүгін өз-өзіме көңіл бөліп, базарға барып белсебет сатып алдым. Көптен ойда жүрген шаруа еді, Алла тағала бүгін сәтін салды. Содан кешкі 6-дан кешкі 9-жарымға дейін Астананы шарлап, Есілдің бойын жағалап, қыдырып келдім.
Жалпы астаналық блоггерлерді осындай серуенге шақырамын. Ниеттеніп осындай көлік алып серуендеген рахат екен. Таза ауа жұтып, дене қимылдарын да жасап дем алып келдім.
