Ескі архив · 27.06.2011 22:03

"Долы дауыл" қаламыздың көркін бұзды

Бүгін түскі уақыт шамасында Алматыда нөсерлеп бұршақ аралас жаңбыр жауып, дауыл тұрды. Нәтижесінде ағаштар құлап, бірнеше үйлердің терезесі сынды. Жаңбырдың нөсерлегені соншалық көп қабатты үйлердің подъездерінің ішін су алып кетті. «Күн ашылып тұр еді, аяқ астынан дауыл тұрып, жаңбыр жауып кетті. Далаға шығып қарасаңыз, ағаштар қирап жатыр. Тіпті подъездің ішін су алып, өте алмай жатырмыз» дейді Бостандық ауданының тұрғыны Алтынай Әлиева. Айта кету керек, бұл дауылдың салдарынан бағдаршамдар да істен шығып, көлік кептелістеріне әкеп соқтыруда. Төле би көшесінің бойын су басып, тіпті жаяу жүргіншілердің өзі айналып өтуге мәжбүр болып отыр. Алмалы ауданының тұрғыны Зульфия Қожахметованың айтуынша, долы дауыл аталған аудан тұрғындарын жарықтан да айырып отыр.
Авторы:
meruert

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту