Мені танисыз ба?
Кеше Нұрберген Мақымның анасының дүниеден өткеніне жеті күн болды. Жұмыс қайнап жатыр, шығарған кезде бара алмаған болатынмын. Кеше бір күн демалыста жолдасым екеуміз барып көңіл айтып шықтық. Анасы ел адамы ғой, кісі көп болды, көбі таныс және. Шығып келе жатырмын, не екенін білмеймін, бір нәрсені ойша айналдырып келемін. Шығаберісте бір жұқалтаң келген, кішкентай қараторы жігіт амандасты да -Мені танисыз ба? Тимурмын ғой,-деді. Өзіңіз ойға шомып келе жатырғанда, былайша айтқанда автопилотпен келе жатырғанда осылай дік еткізсе не дейсіз? -Әрине танимын, — дедім, содан Тимақаң кетті, бізбен бірге келгісі келгенін айтты, хат жазғанын айтты тағы бір нәрселер есімде жоқ. Ал мен машинально тыңдап тұрмын, неге дейсіз бе? Себебі „Тимур, аласа бойлы, жұқалтаң, қара торы жігіт„ деген параметрлер бойынша базадан іздеп жатырмын, 60 пайыздық сәйкестікпен келетін бір ғана Тимур табылды, соқпаған параметрлерін көптен көрмегендікке салып, сол болар деп топшыладым. Енді телефоным қолымда, СМС жоқ, үйге келіп пошталарымды (көптен қарамағандарды да) қарадым. Ол емес болып шықты, сөйтіп отырып, керекке кірсем, оқылмаған ХАТ. Сөйтсем @timurrr екен.
Тимурмен де таныстым осылай.
