Мүшел дегеніміз не?
Қазақтың ырымы, наным сенімдерінің бірі — мүшелді бәрің білетін боларсыңдар? Міне осы мүшел төңірегінде әңгіме қозғамақшымын. Мүшел дегеніміз — қазақтың және жалпы шығыстың жыл санауындағы ( 1)тышқан 2) сиыр 3) барыс 4) қоян 5) ұлу 6) жылан 7) жылқы 8) қой 9) мешін, маймыл 10) тауық 11) ит 12) доңыз) 12 жыл. Ең бірінші мүшел 13 жас одан әрі 25, 37, 49, 61… он екі жыл қосылып әрі қарай кете береді. Осылардың ішінде 25, 37, 49 жастарды қауіпті кезеңдер санап, аман -есен өтуі үшін құран бағыштап, өзінің қатты жақсы көретін киім — кешектерін жақын жуықтарына тарату сияқты ырым жоралғыларын жасап жатады. Жақында бір отырыста осы қауіпті кезеңге байланысты қызылкеңірдек болып айтыстық та қалдық Олардың барлығының түсінігінше 24, 36, 48, жастарды қауіпті кезең болып санайды екен. 25, 37, 49 жастарға жеткенде қауіпті кезеңнен өттік деп ойлайды екен. Мен оған қарсы болдым. Өйткені 25, 37, 49 жастарда болып жатқан бақытсыз жағдайларда: ойбүй байғұсай мүшел жаста екен ғой деп жатады ғой. 24, 36, 48 жастарда болса олай айтатынын естіген жоқпын өзбасым. Осыдан түсінуге болады емес пе? Жоғарыда айтқан жоралғыларды да осы себепті жасайды ғой. Міне сондықтан әрбір мүшелдің бастапқы жылынан аяғына дейін жетсем деген ырыммен жасалады осы нәрселер. Осыны түсіндіре алмай әлек болдым әлгілерге, онымен қоймай сендердің Ойыл жақтарыңда сөйтетін болып тұр ғой деп мазақ қылады адамды күйдіріп ептібайымайдтар Мүшел туралы басқа сендер не айтасыздар достар? Таңертең келе сала гуглдетіп едім, мына мақалада толық жақсы жазылған екен.
