Ескі архив · 27.06.2011 13:41

Тапсырыспен кісі өлтіру

1. Оптикамен жабдықталған мылтықпен ату. Киллерлік классика, қарапайым да шедевр әдіс. Бермегейіп тоқсаныншыларда бақталасыңды, жәй жек көретін адамыңды, өліп болмайтын байшікеш атаңанә көкеңді бұрынғы десанттарға, запастағы офицерлерге шай-пұлын беріп аттырудың еш сөлекеттігі болмаған. Ажалы оқтан болып, Аид амигоға көшеде дайындықсыз аттанып кете барған тарихқа белгілі тұлғалардың бірі — Джон Фитцджеральд Кеннеди. 2. Улап кету. Атам заманнан бері бар әдіс. Гамлеттің «Шекспир» атты (әлде Шекспирдің «Гамлет» атты ма?) шытпағында, оның әкесін ағасы ма, інісі ме, бақта ұйықтап жатқан жерінен құлағына меңдуана сөлін құйып, Аид амигоға аттандырады. Қазіргі заманда қан анализінде ізі де қалмайтын улардың түр-түрі бар. Енді бұрынғыдай мышьяк тотығын сеуіп өлтіріп, кейін оны экспертизада біліп қалып, көтің ашылып, ел-жұртқа масқара болмайсыз, қатын-қалаштар «Осылай да адам өлтіре ме екен!» деп, еріндерін сылп еткізбейтін болады. 3. Қайғылы оқиға Астымыздағы ғасырдың орта шенінен бастап дами бастаған әдіс. КГБ тіпті «абайсызда тайып жығылу» әдісін де жасаған дейді, және сол арқылы бірнеше көрнекі ақылы ішпиендер уақытынан ерте көз жұмыпТ(@KILYZAMAN-ның құлағына цезий сырға!). Тормоз шлангасының майы ағып кету, қатты жел тұрғанда көпірден құлап кету, ваннаға фенді «байқамай» түсіріп алу, амалдың көптігі сондай: еріксіз фантазияңа ерік береді.
Авторы:
satibaldi

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту