Ескі архив · 28.06.2011 13:23

Мәмбет болдым мен...

@Aizhantabyn менің балконнан кілем қаққанымды жұқартып айтқанда — мәдениетсіздікке, қалыңдатып айтқанда — көргенсіздікке балады. Сөйтіп, өткен жылдары аузына марганцовка* жағылып әрең тоқтатылған — мәмбеттік мәселесі жарасының аузы тағы ашлыды. Егер қалалықтар далалықтарды мәдениеті үшін сонша жек көретін болса, қалаға — қалалық өмір салтын үйрететін лагерьлер арқылы кіргізетін жүйе жасасын. Ауылдық минимализм элементтерінен, атап айтқанда: орындық іздемей-ақ жүресінен отыра салу, дауыстап сөйлеу, бір бөтелкенің аузынан бірнеше адамның сусын ішуі сияқты әдеттерді тастан соғылған қалаға келдім екен деп ұмыта қою жоқ. Себебі: — Жүресінен отыру — орындық жасайтын ағаш ми далада атымен жоқ, сондықтан топыраққа отыра саламыз; он алты жыл бойғы әдет, қаланың шамадары көріне сала жоғалып кетпек емес (ох шешесс, Спиноза боп кеткен жоқпын ба мен нақ, қалай айттым, ә?) — Дауыстап, айғайлап сөйлеу. Екі қырдың ар жағында отырған Саламатпен мобиламен сөйлесуге әзірмін, бірақ ауылда оператор жоқ нақ! («Лібәйіннің» өкілдері антенна орнатуға келіп, Саламат екеуміздің міскіндерімізді көріп, жақын үшмыңжылдықта антенна құнын ақтамайтынымызды түсініп безіп кеткен ептібайымайдтар! Жусанға сырымызды айтып, біз қала бердік); — Бір бөтелкенің аузынан ішпеу — бірінші ішкен адамды сыйламағандық, оның денсаулығына, атап айтқанда: Кох таяқшалрының, глист құрттарының жоғына күмәндану, бетіне «ауру» деп айтқанмен бірдей. Қалалықтар далаға келіңдер ендеше! Ммуах-ха-ха-ха. айыр-күрек ұстағандарыңды көріп, талай бұттан кеткенбіз. Бір пяншік өзінше экзотика іздеп келіп, атқа сол жағынан отырғанда, жапырылып құлағанбыз нақ, ол қылығы притча һәм әфсана бов кетен, нақтың. Мақанның қай жерде туатынын таңдай алмауымыз себепті, осындай боп дүниеге келе қалдық ал нақ, шауып аламын десеңдер — міне тас!!! "Қалада бүйтпейді ғой!" деп түсіндіріп жіберуге не кедергі(епті, мен Ницшеден бірдеңе соғып отырған жоқпын ба өзі?)? Біз Сізге — мәмбетпіз, сендер бізге — аққұлақ. Ауылдың барлығына асфальт төселгенше соай бола бермек!(шынымен э, маған бір бұтақбас гуманисттің әруағы қонған бүгін!). * — айтпақшы дәріханада марганцовка сатпайтын болыпТ нақ, неге екенін қойым біліпТ!
Авторы:
satibaldi

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту