Қызық қарым-қатынас
Кеше пірәпесірдің ұлының жүріп жүрген қызының, яғни, болашақ келін баланың үйіне қонаққа барғанбыз. Сондағы Татьянаның өзін-өзі емін-еркін ұстағаны ұнады. «Болашақ қайын атам келді» деп сасқалақтап жүрген жоқ. Жақсы қыз екен былай. Біздің атай да өзі тым қарапайым кісі ғой. Қызықтың көкесі шай ішіп болған соң басталды. Аташка мен Игорь (ұлы) Татьянаға үстел жинасуға көмектесуге кірісіп кетті. Бәлендей жинайтын түгі де болмаса да, амалсыздан мен де 1-2 ыдысты апарыстым . Одан үстелді жылжытып, Игорек астындағы кілемшені алып далаға қағуға алып кеткен, атай дәлізден сыпырғыш тауып әкеліп, әлгі жерді сыпыра бастады!!! Оған "қой" деп жатқан келін жоқ Өз бетімен ыдысын жуыыып тұр.
Мен өзімді жатыпішер сезініп қалдым. Дачы. Ақыры жасы алпыстан асып кеткен пірәпесірдің бүкшеңдеп жер сыпырып жүргеніне шыдай алмай, қолынан сыпырғышты жұлып алған жоқпын да, бірақ далаға шығып кеттім.
