Стинг не үшін келмеді?
Стингтің Астанаға келмеу себебі — Қазақстанда адам құқықтарының сақталмауында екен. Amnesty International деп аталатын халықаралық адам құқығы ұйымының ескертпесімен Стинг Астанада жоспарланған концертіне бармау туралы шешім қабылдапты. Бұл туралы әншінің өз вебсайтында жарияланған.
"Қазақстандық мұнай-газ жұмысшыларының және олардың отбасыларының жағдайларын жақсарту үшін біздің қолдауымыз қажет, әлемдік БАҚ өкілдері бұған назар аударулары керек" дейді Стинг.
sting.com/news/title/mondays-planned-performance-in-astana-has-been-cancelled/news
