Темекі түтініне қақалғанша...
Соңғы жылдары шетел ғалымдары темекі түтінінде 1200-ден астам әртүрлі улы зат болатынын анықтады.Оның 200-ден артық қоспасы химиялық, ал 50-і денсаулыққа аса қауіпті екендігі мәлімделген. Ал, онкологтардың соңғы съездерінде темекі денсаулықтың қаскөй жауы деп анықталды. Әсіресе, сигареттің соңғы үштен бір бөлігін тартқанда, адам ағзасында зиянды заттар ерекше көп түседі екен. Зерттеулер арқылы бұл үштен бір бөлікте көміртек тотығы 5 есе, бензопирен деген канцероген зат 4 есе, шырыш 3 есе никотин 3 есе, аммиак 46 есе көп екені дәлелденген. islam.com.kz
Деректерге жүгінер болсақ,өркениетті елдерде елдерінде темекі шегушілер саны жыл санап азайып отырған көрінеді. Дамыған елу елдің қатыра ену үшін біздің де ұрпақтың денсаулығы мығым, мықты болғаны жөн Ендеше, темекі түтініне қақалғанша,
салауатты өмір сүру салтын қалыптастыруға ат салайық, ағайын!
