Ескі архив · 04.07.2011 14:46

Туалеттің долы сақшысы немесе негативке қарсы не етер едің

Досым екеуміз базардан қайтып келе жатып әжетханаға кіріп шықтық. Мен екеумізге де ақшасын бердім. Ол соңынан шыққанда, әжетхана сыртындағы әйел «Ақша төлеген жоқсың сен!» деп айқайлай бастады. Әңгімеге мен араласып, «Апай, ол кісіге мен төледім ғой» дедім. «Жоқ, төлеген жоқсың!»-деді. «Жарайды, міне ала қойыңыз» -деп досыма тиын бердім. Досым «Подавитесь» -деді де алдындағы тостаққа лақтыра салды. «Э, сен өйтіп маған үйтіп міндетсіме, тышуды білесіңдер —ақша төлегің келмейді, көп сөйлемей сі**л бар ары е* твою мать!» -дейді әлгі әйел. Менің жағым түсіп қала жаздады, шешеммен жасты әйел аузынан осындай сөзді күнде естімейтін едім. Досымды түрттім «кеттік» деп. Досым бұрылды да, «Нуинах, с этой злой блядью связываться, поехали» деді. Жартылай сыбырлап айтса да, әлгі әйел естіп қалды. Көзді ашып жұмғанша, досымның мойнына артынан мысықша секіріп, жабысып алып, қылқындыра бастады. Өзі тістеніп алған, көзі қанталаған. «Сука, сен кімді блядь деп тұрсың а, шешеңнің аңына тығып жіберем, білдің ба? Кімді блядь деп тұрсың?» деп дедек дедек еткен әйел досымның бетінен бет қалдырмай тырналай бастады. Досым, итке таланғандай «Оттащите ее от меня, оттащите» деп зар илей түсті. Шашының талдары ауада ұшып жүр. Мен не істерімді білмей сал боп қалдым. Әлгі әйелдің қасындағылар артынан тартып ажыратты. Арасы сәл ашылғанда, долы әйел досымның ішінен және бір тепті. "«Блядь» дейді ғой, сенің шешең блядь, у ептываймайт, ойнастан туған мал атаңанә?" Досым қазақшаға шорқақ болса да, сөздердің мағынасы оған айдан анық таныс еді. «Заткните ее, я за себя не ручаюсь» деді бір кезде ол. Жауабына: "Ө-ө-ө сүмелек, не істейсің? Мұрынбоқ неме, не ручаюс қылғанда не істейсің, өлігіңе сиейін, өлімтік" -бұл сөздерді түсінген түсінбегенін білмеймін, бірақ досым «Вы мне одежду порвали, я так просто не оставлю» деген әнге салды. Әлгі әйелдің қасына өзі сияқты жауынгер әйелдердің тобы жинала бастады. Мен қолынан тартып, досымды әзер сүйреп шығардым әлгі тобырдан. «Ни фига себе, она мне новую рубашку порвала, лицо исцарапала, чувствую себя как полный чурбан. Пошли к охранникам пожалуемся, бля все настроение похерила» дейді ашуы басылмаған досым. "Қойнақ,«дедім, күлкімді тыя алмай. Күзетшілер не істесін оған. Көп болса штраф салған боп, шай-шарапқа тиын сындырады, ал саған не пайда? Содан досым маған ренжіңкіреп, біртүрлі боп қайттық. Қазір соны еске алып, бір күліп аламыз. Сендер не істер едіңдер?
Авторы:
Gastarbaiter

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту