Ескі архив · 05.07.2011 12:56

Астанадағы мерекелік іс-шаралардың ресми сайты

Астана 1 шілдеден бастап Астана күнін тойлауда. Астаналықтарға және Астана қонақтарына неше түрлі іс-шаралар ойластырылған екен. Солардың бағдарламасын іздеп отырып, мына сайтқа тап болдым. www.astana2011.kz/kk Астана күніне арнап істелінген сайт екен. Астана әкімдігіне респекттен басқа айтарым жоқ. Сайт сауатты жасалған, керек ақпараттың бәрін табуға болады. Басшыларға да байланысты ғой деймін мұндай нәтиженің болуы. Үйреніңдер тек галочка үшін сайт жасап, өтірік қазақша версиясын қоятын арамтамақтар!
Авторы:
arshatoraz

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту