Латын әліппесі туралы ойыңыз қандай?
Азаттық радиосы латын әліппесіне көшу туралы кішігірім дөңгелек үстел өткізіпті.
Латын әліпбиіне көшу «біздің қоғам үшін тиімді» дейді мәдениет министрі Құл-Мұхаммед. Ал шетелдік ғалым әліпби ауыстыру «Назарбаевтың саяси ойыны» екенін айтады.
Қазақстан парламенті мәжілісіндегі «үкімет сағатында» мәдениет министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед: «Республиканың латын әліпбиіне көшуі – заман талабы. Егер Қазақстанның ғылыми-педагогикалық қоғамы шынында да осы идеяны қолдайтын болса, онда латын әліпбиіне көшу керек. Бұл біздің қоғам үшін тиімді» — деп мәлімдеді.
«Егер жоғарғы жақ шешім қабылдайтын болса, біз – атқарушы билік – оны орындауға дайынбыз» дейді мәдениет министрі Құл-Мұхаммед.
Қазақстан билігінің латын әліпбиіне көшу туралы саяси шешім қабылдауына заманның талабы ықпал етуі мүмкін бе, әлде үлкен саясаттың мүддесі жетелей ме? Латын әліпбиіне көшу туралы нақты шешім қабылданатын болса, түркітілдес елдер Өзбекстан мен Әзірбайжанның тәжірибесі ескеріле ме? Қазақстанның латын әліпбиіне көшуін көпұлтты мемлекеттік өзге ұлттар өкілдері қалай қабылдауы мүмкін?
жалғасы мында
Өзім кирилдікіне үйреніп қалғасын ба, латын әріптерімен қазақша оқу қиын секілді. Бірақ, біріңғай әліппе қабыласа жақсы болар еді деп ойлаймын.
