Ескі архив · 06.07.2011 19:43

Керекинфо жұмбақтары

Керекшілердің назарына: мына мүшені 3 коменттен тауып көріңіздерші. Жалпы аналитикалық қасиеттері жақсы. Оқығаны көп. Ғылыми публицистикаға құштар болуы мүмкін. Бірақ кейде әзіл, жеңіл желпі тақырыптарға комент жазғандағы байсалдылығы «резеңке қуыршақты қалай пайдалану керек» деген нұсқаулықтан да бетер сөриөзный. Объективті болуға тырысушылығы күлкілі деңгейде. Сөзінің байсалдығына қарап, флудтан алшақ кісі деп ойлауға болады. Бірақ, бұл жігіттің эмоциясыз жазу мәнеріне алданбаңыз! Бұл керекшіміз — нағыз флудер. Тақырыпты талқылап отырып, түрлі иірімдермен ойын жеткізем деп, кейде шатасып қап, басқа ойды бастап кеткенін байқамай қалады. Пост көп жазбайды. Көбіне коментарийлер ғана. Әдетте сайтта бір мүше болса, сонымен сағаттар бойы еш эмоциясыз, монотонды түрде бір біріне еш қатысы жоқ абзацтар мен ой үзінділері арқылы сұхбаттаса алады. Бір қарағанда бір тақырыптың майын езіп отырғандай болғанымен, мұқият оқысаңыз, Дарвин теориясынан бастап, жұлдыздың дамбалымен аяқтауы мүмкін. Бұл кім? (егер өзіңізді тауып отырсаңыз, коментарий жазудан ұстанғаныңыз жөн)
Авторы:
Gastarbaiter

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту