Ескі архив · 06.07.2011 13:35

Шөл раушаны немесе менің шопырым

Адамның материалдық жағдайы жақсарып, өзін де балашағасын да қамтамасыз етіп, артық дүниесі банкте сақтап, сол үшін уайымдайтын жағдайға жеткен кезде, қауіпсіздігі мен жағдайын ойлап, қайда барса да көлікпен алып жүретін шопыр мен оққағар жалдайтыны анық. Немесе басқа варианттарды таңдауы мүмкін. Бұл постым Астана күніне келмей қалған Стингке, нақтысы оның «Desert rose» клипіне қатысты. Бұл клип 2000шы жылы шығып еді. Осы әні арқылы Стинг әлемге кеңінен тағы бір танылып еді. Бұл ән сіздің сүйікті әндеріңіздің плэйлистінде тұрған да болар. Мен уақыт сағатымен осы әнді тыңдап тұрам. Осы клип арқылы менде бір арман пайда болған еді, соны айтайын. Клипте Стинг қолына цифрлыкамерасын көтеріп алып шөлдалада жүредіғой, не істеп жүргені беймәлім енді, экзотика іздеп жүрген шығар деп ойлаймын өзім. ол камерасымен ана жақ мына жақты түсіріп тұрады да, «Ягуар» (бәлкім басқа) автокөлігіне келіп отырады. Ал оған есікті ашып жауып, көлікті жүргізуші — бізге бейтаныс бір қыз. Болашақта бизнеспен айналысып, байып кетіп, Пежо автокөлігін сатып алып, менде бір қызды шопыр етіп жалдаймын деген арман — сол клипті көрген соң пайда болып еді. Клипті көрген сайын, қалайда сол арманыма жетемін деген құлшыныс пайда болатын. Міне, арадан 11 жыл уақыт өтіпті, көлік түгіл — көліктің дөңгелегі де жоқ менде әле))) 11 жылда дүниеге, байлыққа, ақшаға деген көзқарасым біраз өзгеріп кетті, қазір бұл арманымды іске асыру басты орында емес, байлығым асып тасып кетсе де. Бірақ, қызық үшін немесе экзотика үшін Пежо көлігін сатып алған кезде шопыр қыз жалдап, елдің өзім қалаған жерлерін бір аралап шығуым әбден мүмкін нәрсе)) Клиптен кадрлар: Мынау клиптің өзі: Сілтеме www.youtube.com/watch?v=C3lWwBslWqg Астана күні құтты болсын қазақтар!!! Армандарыңыз орындалсын керектестер!!!
Авторы:
direct

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту