Жапония күнделігінен: "Көзілдірік-көпір" немесе Нагасаки кеші
Көктемдегі Жапонияға саяхатымның осы Керектегі ақырғы нүктесі қойылар күн жақын екенін қуана хабарлай келе, соңғы үш жазбамның алғашқысын ұсынбақпын (былайша айтқанда «начало конца»).
Осының алдында Керек жабылып қалып, жазуларымыз жетімсіреп, кішкене тоқырау болып еді, міне оның да орны толып, сіздермен тағы бір рет өткенге саяхат жасағанды жөн көрдім.
Нагасакиде көп бола бермегендіктен, ондағы бос уақытты мүмкіндігінше қала аралауға жұмсадық, кезекті сенбінің бір кешінде Жанна мені осы «Көзілдірік-көпірге» алып келді, суреттер легі:
көпір маңындағы жүргіншілер:
Ыдыс сататын дүкен маңы:
«НұрОтанға» сайлау
Деджима ескі көпестер қалашығының макеті қойылған:
Нақты көрінісі:
Одан соң портқа бардық:
Порт жағалауындағы паркте:
Жапониядағы Нагасаки Университетінде оқитын тағы бір жерлесіміз, медик Жанна кешке қонаққа шақырып қойған еді, соған сыйлық алмаққа гүлдер дүкеніне бас сұқтық:
Жаннаның дастарханынан бір көрініс, духовкада піскен капуста (cauliflower):
Салат:
және… дададам… Жапон елінде татқан қазақ дәмі, жылқы етінен жасалған беш (жайпақ табақ болмады):
отырыс түн жарымына дейін созылды. Келесі күнге жоспар құра отырып, үйге тарқастық. Шаршаған жоқсыңдар ма?!
