Ескі архив · 07.07.2011 15:59

Іле Алатауына саяхат

Бүгінгі күн әдеттегіден өзгеше болды. Тілшілер қауымы болып ертемен Іле Алатауына қарай жолға шықтық.Мақсатымыз мақала қылып жазатын дүиелерді суретке түсіру. Бұрын соңды бұл тауды жақыннан көрмеген екенмін. Әркім өзі жақсы білетін өсімдіктері жайлы жарыса айтып келе жатқанда бірталай жерге келіп қалыппыз… Бір кезде бәріміздің назарымыз бір жаққа қарай бұрылды… Бұлардың иесі кім екен деген қызығушылықпен ауласына қарай беттей бастағанымыз сол еді алдымыздан орыс шалы шықты.Есімі Петя екен. «Мұның барлығы да табиғи мен өз қолымнан жасаған жоқпын тек құрастырдым» — дейді. Бір сөзінде «Мен осы жерге күзетші болсам, мына киллер маған күзетші» дегенді айтып қалды. Табиғат бізді қашанда өзінің небір таңғажайыптарымен тамсандырып келеді. Кейде көзге көрінбейтін әлдекім қыл қаламмен адам баласының қолынан келмейтін құдіретті оп-оңай сала салатын тәрізді көрінеді. Таңғажайып табиғаттың құпия сырларына үңіле түскен сайын оның құпиялылығы толассыз бола беретін секілді… Онымен қоса беймәлім сырлары ашылып, құмар ойындай қызықтыра түседі екен.
Авторы:
estetika91

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту