Ескі архив · 07.07.2011 23:31

Павлодар мен Қарағандыда футбол мейрамы. Жарайсыңдар жігіттер!

УЕФА Еуропа лигасының алғашқы раундының реванш матчтарында Ертіс пен Шахтер қарсыластарынан басым түсіп, келесі раундқа жолдама алды. Бірінші матчын Польшада 1-0 есебімен жеңіліп қалған Ертіс бүгін өзіне керек екі доп айырмасымен жеңісін ала алды. Есеп 2-0. Келесі раундта Ертістің қарсыласы: былтыр Ақтөбеден жеңілген Олимпи Рустави (Грузия) Ал, Қарағандының Шахтеры Словенияның Коперынан ұтылып жатып жеңіп кетті. Есеп 2-1. Екі голды да Керекинфолықтарға Германия матчындағы «Білә зайбал» репликасымен таныс Ұлан Қонысбаев соқты. Шахтердың келесі қарсыласы бүгін түнде белгілі болады, ИБВ (Исландия) — Сент-Патрикс (Ирландия) жұбының жеңімпазы. Командаларымызға келесі турларда да сәттілік тілейміз! сурет: sports.kz
Авторы:
arshatoraz

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту