Қазаққа керек емессің... (тек қана жарыңа, бала шағаң болса соларға ғана керексің.)
Жан бауырым түсін мейлі түсінбе
Жетпейді білем, түсіндіруге күшім де
Бірақ білгін, сөйлегеніңде орысша
Алай дүлей соғыс болады ішімде.
Неге орысша сөйлейсің сен? Түсіндір.
Жан емес ең сыртыңмен қоса ішің кір.
Өз тіліңді қадір тұтпай жан досым
Болып кетті шала-пұла ісің кір.
Елбасымыз үйретуде бастаманы
Ұлтты сүю — тіл сүюден басталады.
Қазақ пен қазақ қазақша ғана сөйлессін
Әйтпесе достар көп көздерден жас тамады.
Жетпіс жыл бойы ата дінді таптаған
Ұлтжандыларды атып тастап қақтаған.
Салтыңменен дүстүріңді құртқанды
Кейіптесің тілінде сөйлеп мақтаған.
Жүректегі имамдарды жықтырған
Ленинді Құдай дегізіп ұқтырған
Дінім деген, елім деген жандарды
Күш көрсетіп, қаруменен бұқтырған
Орыстардың тілінде сен сөйлесең
Құраныңды жертөлеге тықтырған
Спид, рак, туберкулездерден де
Сенің ауруың қауіптірек жұқтырған.
Басып айтам. Біліп жүргін. Тілің ауру
Тілің ауры болған соң ділің ауру.
Бір нәрсені ұмытпағын бауырым,
Ділің ауру демек сенің дінің ауру.
Бұл сөзімнен соң мейлі
досым демессің,
Менің де жүрегім өзіңменен егессін
Білгін бірақ, шұбар тілді замандас
Маған түгіл, қазаққа да керек емессің.
Қазақ халқының тарихында, қазаққа қазақша үйрету, қазақпен қазақ қазақша сөйлессін деген ұран бұрын соңды болмаған еді. Себебі барлығы да ұлттың ұлт болып қалуы үшін тілдің орасан зор маңызы бар екенін білген. Қазақ үшін қабырғасы қайысқан Ахмет атам (атам дегенімнің себебі менің де сүйегім Арғын) Байтұрсынұлы: «Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады» — деп бекер айтпаса керек. Бүгінгі таңда қазақ халқының жоғалуын қалап, құрып кетуін аңсап(айтпаса да ішкі ниеті бар) қазақ тілін менсінбейтін жастар пайда болды. Шұбар жыландай тілдері шұбарланып, қазақ тілінің қоры жетпей қалғандай сөздеріне орысша қосатын замандастар өте көп. Тілдерінен қазақтың сөзін қырқып алғандай екі қазақ жасы өздерін дамыған самақтарға санап орысша көпіреді. Тілін құрметтемейтін жас, дінін құрметтемейді, дінін құрметтемегеннің жүрегінде отанына деген махаббат болмайды. Ал, отанына махаббаты жоқтың, халықты сүюі екі талай. Ал халқын сүймейтін адам міндетті түрде сал дәстүрді менсінбейді. Демек қазақтың қазақша сөйлеуі ұлттың сақталуы. Болашаққа иманды болып бапталуы.
Алдаспанның жарқылы!!!
