Ескі архив · 10.07.2011 02:30

Кешірім

Кешірсін : — біреуге білгішсініп, ақыл айтқан болсам; — сөзге тоқтамасам; — мазмұнына үңілмей терістеуге тырыссам; — біреудің жеке басына тиіскен болсам; — көңілге кірбің ұялаттырсам; — тақырыпқа қатыссыз жазып, флудтасам; — мән-мағынасыз, объективті емес посттар жазсам; — әзілдеймін деп бүлдіріп алсам; — біреуді кекетіп мазақтасам; — ұлтын сүйетін адамның патриоттық сөздерін кекетсем; — тырнақ астынан кір іздесем; — посттан қате іздеп, автордың бетіне бассам; — пікірден қате іздеп, комментшінің бетіне бассам; — адамның шынайы сеніммен жазғанын, айтқанын кекетсем; (Ахи) — адамның көңілін түсіретін нәрсе жазсам; — адамның қызығатын нәрселерін жамандасам; — әсіретерминшіл болсам; — уақыттарыңды босқа алсам; — артқан сенімдеріңді ақтай алмасам; — бірің қорғанышты қажет еткенде мен қорғай алмасам; — түзелулерің үшін кемшіліктеріңді бетке баспасам; — сендер үшін біреудің алдында қысылсам; — көптеп хабарласпай кетсем; — міндеттелген істерді уақытында істемесем; — парыздарымды орындамасам; — отанның адал перзенті бола алмасам; — сенімнен шыға алмасам; — тым қаталдық көрсетсем; — ренжітсем; — көмек бере алмасам; — кісікиіктеніп тұрсам; …
Авторы:
meirzhan

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту