Ескі архив · 11.07.2011 12:58

Қасиетіңнен айналдым, чекушка!

Жүздері басқа, жүзграммдық стақандары бір халықтарды біріктіретін не десек, ол әрине, «Бейбітшілік!» деген сияқты ұрандар емес, кәуділгі атыңнан айналайын – арақ. Күнде дүниенің әр бұрышынан, «ракі», «водка», «арақ», «даяшы, шнапстан құйжівер!» деген мыңдаған тілде жүздеген дауыстар шығып жататыны сөзсіз. Осы ойдың өзі – мынау қу пәниде жалғыз емес екеніңе сенім ұялатып, түрлері басқа, тіскебасарлары бір халықтармен жүрегің бірге соғып тұрғанын сезінесің. Әжемізден қалған ас туралы бірер факт. *** «Водка» деген атаумен белгілі арақ түрінің формуласын химик-бұтақбас Менделеев түсінде көрген. Ал периодтық кестені – қатып алып өңінде жазған. *** Ең қатты арақ (олай атауға келсе) — «Буравчик» деп аталатын алкогольдік сусын. 98% спирт екіжүзграммдық стақанға құйылады да… бетіне сұйық азот шашылады. -70 градус салқыннан спирт уақытша қоймалжың массаға айналған кезде – тартіжверу керек. Алғашында асқазанға термоядролық бомба түскендей болғанымен, аздан соң шып-шып тер шығып, бой жазып қаласыз. «Буравчиктен» тартіжверіп, Кеңқияқ кентінде тырдай жалаңаш қоян қуып жүрген адамды көрген кісі бар. -45 градус аязда. Көзі шарасынан шығып қарап тұрған кісіге, әлгі амиго жақындап: — Аға, сап-салқын құдықтың суы жоқ па? – деп сұраған кезде, әлгі кісі бұтына жіберіп қоя жаздапты, шешесстің. Еш жерде сатылмайды, тек вахталық кенттерде ғана қолдан жасалады, ақсайсстың. *** Арақ ішпейтін адамның ойы таяз, аздап мәңгіргендеу боп келеді. Тірі мысалы — @KILYZAMAN. Өлі мысалы — Әбдіқани Розенберг. *** Белді, сосын әрине — белсіз психологтардың айтуынша, компресске деп үнемі арақ салып жүру — жасырын алкоголизмнің белгісі екен. Бұл кесел әсіресе Үнді Мұхиты жағалауы елдерінде етек пен капри жайған. *** Омар Хайямның заманында бөтелкенің орнына құмыра тапсырып ішкен, жарықтық амиголар!
Авторы:
satibaldi

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту