Бір саусағы шолақ (молақ) қыз
Ауылда нанды табаға жауып, қидың қызуымен пісіреді. Біздің ауылда солай әйтеуір. Нан таусылып қалу деген мәселе болады кейде. Сол кезде көрші үйден бір таба нан сұрап аласың. Бір күні біздің үйде нан таусылып қалды, қырсыққанда қантта бітуге таяпты(мыналар жарымаған сорлылар екен демеңіздер, бұл сонау 90-шы жылдар, әйтеуір 90-91ші жылдың біреуі). Әжем мені ауылдың орталығында тұратын үлкен ұлының үйінен қант пен нан алып келуге жіберді. Әжемнің үлкен ұлы менің әкем.Мен сөйтіп сары «Пионеріме» мініп ап, балағым жыртылғанша айдадым.Неге екенін білмейм, менің триколарымның балағы қырқаяққа ілінуге құмар. Тізесі туралы әңгіме айтпай-ақ қояйын.Алға бір метр шығып кеткен олда. Біз Талдыбұлақ деп аталатын 15 үйлі мүйісте тұратынбыз. Зырлап отырып жетіп бардым.Не тапсырмамен келгенімді айтып бердім. Тәтем (шешемді кейде тәте деп, кейде атымен атай беретінмін) шүберек қалтаға қантымен бір нанын салып берді. Қалтаны рөлге іле сап орнымнан қозғалып кеп қалдым. Бақ ете қалған дыбыстан шошып кеттім.Сөйтсем белесебетті шұқып көрші қыз отыр екен артқы дөңгелек жақта. Саусағы артқы кішкене қырқаяқтың арасында қап қойыпты.Қан сулап жатыр, анау бақырып жатыр.Менің де есім шығып кетсе керек дөңгелекті ақырын артқа айналдырудың орнына бір-екі айналдырып жібердім. Әйтеуір үлкендер кеп ол қызды медпункт жаққа алып кетті.Мен үй жаққа зымырадым. Ол қыз менен 3 жастай кіші көрші қыздары екен. Үкіметтің жапсарлас салатын үйлері бар еді ғой. Полдомик деуші ме еді?! Бұл оқиға маған сор болып жабысты. Ағаларым «Біреудің қызын кемтар қылдың, енді оны кім алады? Өзің аласың өскенде» деп жынды қылатын.ана қыздың бала кезіндегі түрінен-ақ әдемі қыз болу мүмкіндігінің аз екенін болжағам. Түрі онша емес, бір саусағы шолақ әйелмен тұрып жатқанымды бала жүрегім қабылдай алмаушы еді. Кейінірек мен әскерде жүргенде ол қыз байға тиіп кетті.Бәрібір алмаушы едім))))
