Ескі архив · 11.07.2011 23:56

Құмырсқаның илеуі!

Сәлеметсіздер ме! "Құмырсқаның илеуінен" дәм татуға келіңіз! Иә, ия… "Құмырсқаның илеуі" немесе «Муравейник». Бұл тәттіден барлықтарыңыз дәм татқан боларсыз деп ойлаймын. Егер араларыңызда мұндай тәттіден ауыз тимегендер болса, онда қолға қаламсап алып, қағазға түртіп алсаңыздар болады. Жасалыну жолы қарапайым. Құрамы: ұн — 3-4 стакан маргарин — 200 гр қант — 200 гр қайнатылған сүт (варёная сгущёнка) — 1 құты (банка). Бары осы ғана! Ал енді, жасауға кірісейік! 1. Әрине, ТАЗАЛЫҚ! 2. «Бисмилләәһир-рахмаанир-рахиим» деп, Алланың атымен бастаймыз міндетті түрде! 3. Енді кірісеміз. Алдымен маргаринді ерітіп, үстіне қантты қосып араластырамыз. 4. Осы қоспаға ұнды елеп саламыз. Ұнды елеп салғанның маңызы зор. 5. Барлығын араластырып, әдемілеп, жұмсақ етіп қамырды илейміз. 6. Бірнеше минутқа қамырды жауып қоя тұрамыз. Содан кейін, қамырды аз-аздан үзіп, ет тартқыштан (мясорубка) өткіземіз. Ет тартқыштан өткізіп тұрғанда, қамырды әр 5-7 см сайын үзіп отырамыз. 7. Алынған қамырды ыстық пешке салып, пісіреміз. 8. Пешімізден қызарып піскен печеньені аламыз. 9. Осының үстіне қайнатылған сүтті қосамыз. 10. Барлығын жақсылап араластырып, құмырсқа илеуінің пішініне келтіреміз. 11. Бір жартысына какао, екінші жартысына қант ұнтағын сеуіп әсемдейміз. Мұны енді тоңазытқышқа 2-3 сағаттқа салып қоямыз. Осымен жұмыс бітті, ыстық көк шәймен ішсеңіз болады. Астарыңыз дәмді болсын! Пы.Сы. Тәтті жегіштер мен тәттіні ұнатпайтындар үшін ортақ дәм десек те болады. Ең бастысы қайнатылған сүт қосу міндетті. Қарапайым сгущенка қосса печеньенің басы бірікпей қалады. Қателіктер болса алдын-ала кеЧірім сұрайм! Назар қойғандарыңызға рахмет! Дастархандарыңыздан дәм кетпесін ағайыыын!
Авторы:
AKA

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту