"Сыбайлас қамқорлық" қауымдастығы ашылды
Жігіттер, қыздар, ағалар, бауырлар!
Осында әртүрлі адамдар жиналған. Әртүрлі қасиеттері. Әртүрлі мүмкіндіктері. Идея-армандары бар.
Біз толыққанды қауымдастықпыз. Мейлің қабылда оны, мейлің қабылдама, бірақ кейде бір-бірімізбен араласу үшін реалдағы таныстарды елемейтініміз бар.
Ресми баркемп, саркемптер өз алдына.
Ал қысыл-таяңда, басқа іс түскенде (Құдай бетін әрмен қылсын) тек виртуал жүзінде ғана дос еместігімізді білдіруге (егер қалауыңыз болса) мүмкіндік болсын деп, сонымен қатар потенциалымызды қажет кезде біріктіру мақсатымен, бұрыннан таныс, бірін-бірі жат демейтін мүшелер арасындағы ұйымшылдықты арттыру мақсатымен, осы қауымдастықты ашып отырмын. Өйткені, ең қиын нәрселердің бірі, ағыңнан жарылып, шын арманыңды айту. Өзіңе қымбат ой-жоспар, жобаларды іштей аялап, аймалап жүрген жақсы ғой. Бірақ жылдан жылға ол армандар арман күйі қала берсе де жалығамыз.
Амиголар, бәріміздің де ең батыл армандарымызды жүзеге асыруға титтей болса да мүмкіндіктеріміз бар.
Бірақ кейде сырттан демеу керек болады. Тым болмаса моралды демеу. Кейде адам өз күшіне сеніңкіремейді. Сол кезде оған «уішіпөл» немесе «маладес» деген ақпаратсыз жалқау пікір ештеңе бермейді, басқа идея немесе, басқа сырттан көзқарас керек. Бір-бірімізге қажетті ақпаратпен, ақшамен, немесе қандай да бір қолдан келер қызметпен, барымен базар қылып көмектесіп тұралық т.б. деген ниетпен ашылған қауымдастық.
Қазіргі қарым қатынастың осы жетістігін пайдаланып, ортаға өзіміздің идеяларымызды (интернеттегі ғана емес, реалдағы да), мейлің ең есі ауысқан сандырақ идея болса да, мейлің барлық шығын-кірісі анықталған дайын бизнес проект болса да қалауларың болса бөлісейік.
Бірімізді жоқ қасиет бірімізде бар, бірімізде жоқ таныстар бірімізде бар деген сияқты.
Бір идея болмаса, екінші идеяң қолдау тауып, жүзеге асып жатса, несі жаман?
Вобщем, шамамен схемасы былай болса:
1) Идея (статусы: арман, мақсат, жартылай жүзеге асырылған, дамыту)
2) Жету жолдары (әрекеттер тізімі)
3)Кедергілер мен ресурстар (ақша, таныс, ақпарат т.с.с)
4) Сұрақтар
