Ескі архив · 11.07.2011 10:38

Өзіңнен баста немесе қандай тақырыптардан қажи бастадым?

Интернеттегі ұлтшыл белсенділіктен шаршай бастадым. Бұрын да айтатын едім, қазір де айта кетейін. Мұны тек мен емес КерекИнфо қолданушыларының көбісі айтады. Иә, шаршадық «Ойбай, қазақ» стиліндегі құр-айқай мақалалардан, пікірлерден. Не үшін жазылатынын да түсінбеймін. Ондай нәрселерді орыс тілінде немесе басқа тілде жазу керек деп ойлаймын. мәселе көтеріп, біреулерге арналған нәрсе жазған кезде ол оны қазақша оқымайтын, түсінбейтін болса не керек деймін қазақша жазып? Астына мыңдаған ұлтшыл камент жинау үшін бе? Неге тек қазақ оқи беруі керек? Ұлттық идеологияны қалыптастыру ма әлде бұл? Қазақпын деген адам онсыз да ұлтшыл болады. Ұлтшыл екендігін басып айтпайды да. Ұлтыңа, тіліңе пайдаңды тигізгің келеді ме? Ең қарапайым нәрсе: қазақша сөйлес, қазақша өмір сүр, қазақша ойлан. Болды. Осының өзі жетіп жатыр. Сен қазақша сөйлесең айналаң да сөйлейді. Сөйлейтіндер көбейеді. Үнемі қолданыстағы тіл өлмейді. Керекшілер мұны әлдеқашан түсінген. Бұл жерде ондай мақалалар өтпейді, ренжімеңдер.
Авторы:
arshatoraz

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту