Ескі архив · 13.07.2011 11:28

Орыс шовинизміне қарсымыз!

Қадірлі қандастар, бауырлар мына төмендегі ашық хатты мүмкіндіктеріңізге қарай принтерден шығарып, қол жинап Елбасыға хат арқылы жібере берсеңіздер. Қазірдің өзінде Қазақстанның әр аймағынан қол қойылған біраз хаттар кете бастады. Іске сәт. Шовинист орыстардың бұл әрекеттеріне жауап бермесек, басына бермек. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевқа Қадірлі Нұрсұлтан Әбішұлы! Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес Республиканың тұтастығын бұзуды, мемлекет қауiпсiздiгiне нұқсан келтiрудi, нәсiлдiк, ұлттық астамшылықты насихаттауға немесе үгiттеуге, басқа да іс-әрекеттерге жол берiлмейдi. Сіз Конституцияның кепілі болғандықтан Көкшетауда басталған қазақ ұлтын қорлау, Қазақстан Республикасының ішкі тұтастығын бұзатын іс-әрекеттерге тоқтау салуыңызды сұраймыз. Атап айтқанда, Көкшетаудағы орыс диаспорасы «Империялық лента» акциясы арқылы «Біздің отанымыз Ресей», «Біз отанымыз — Ресейді сүйеміз» деген ұрандар көтере бастады. Ұйымдастырушы орган «Лад» республикалық славяндар қозғалысы «Империялық лентаны таратудағы мақсат орыстандыруды күшейту» деп айта келе «имперский» флаг является символом любви к Отечеству, к истории Великой России.» Енді олар акцияны бүкіл Қазақстанда өткізуді қолға алып жатыр. Акцияшылар «Қазақстанның қай қаласында, қандай елді мекенінде орыс бар, сол жердің бәрінде «Империялық лента» желбірейтін болады» деп отыр. «Лад» республикалық славяндар қозғалысының төраға орынбасары П.Кузьменко: «Өзiмiзге жасалған жанама және тiкелей қысымға көне қоймаспыз. Акция жалғаса бередi»,– деп сес көрсетіп қойды. Бұл жерде Кузьменконың ненi меңзегенi белгiлi. Бiрақ оларға Қазақстанда ылаң салып, шу шығаруға кiм рұқсат бердi? Акцияны жүргізушілерге қолдау білдіріп отырған және ұлт араздығын туғызу үшін, халықты арандату үшін үгіт-насихат жүргізіп келе жатқан Қазақстандағы орыстардың ашқан www.russianskz.info интернет-сайты. Осы аталған сайт арқылы ғана олар ұйымдасып әрекет етуде. Сондықтан бұл сайттың Қазақстанда ашылуына тыйым салуыңызды сұраймыз. Осы күнге дейін аталған сайт «орыс тіліне қысым күшейді», «орыс ұлтын шеттету басталды», «біздің отанымыз Ресей» деген сияқты көптеген арандату мақалалар жазып келеді. «Национальное самочувствие русских в KZ» деген сауалнама жүргізуде. Қазақстанның азаматтары бола тұра Қазақстанды мойындамай, Ресейдің азаматы секілді Ресейді отаным, біздің президент деп Д.Медведевті атап жатуы, Қазақстанның ішкі мәселелеріне Ресейдің араласуын көздеген саясаттар жүргізуі Конституциямызға қайшы. Тіпті бұл әрекеттерінен сескенбек түгіл керісінше билігімізге сес көрсетеді. «Оборона Петропавловска» атты мақалады «Если и дальше межнациональная политика в Казахстане будет развиваться в казахском великодержавном ключе, по «украинскому сценарию», то в Ак Орде могут получить русскую фронду» деп ойын ашық жазыпты. Сайтта жарияланған арандатушылық материалдардың бәрін жариялау мүмкін емес, тек бірқатар мақалаларының тақырыбын ғана беріп отырмыз, сәл болса да түсінікті болу үшін: «Где Россия — там русские, а где русские – там Россия» «Азиада или Славяниада?» «Без нас, русских, народ неполный» «Русским пора становиться сильными» «Казахские националисты собираются задавить русских количеством» «Имперская ленточка» в Казахстане…Мы любим Россию – своё Отечество» «Русских в республике дискриминируют «технично» «Казахи говорят русскоязычным: иди, учи казахский язык…» «Госязык как «погоняло»?» «Пришло время разыгрывать «русскую карту» «Градус антирусскости в Казахстане!? Такого не происходило даже в басмаческой Киргизии» Тақырыбының өзі осындай, ал ішінде жазылғандар мен пікірлерді оқитын болсаңыз төбе шашыңыз тік тұрады. Мақсаттары екі ұлттың арасында жанжалды көздеп отырғаны анық байқалады. Орыстардың осындай шовинистік саясаттарына қарсылық білдіре бастасақ, «Конституциялық құқығымызды бұзды» деп Ресейден көмек сұрап байбалам салады. Ресейдің жалауын үйінде де көлігінде де барлық жерде желбіретіп Ресейді отаным деп жар салып жүреді. Сонда Қазақстанды тәуелсіз мемлекет, Сізді – Н.Ә.Назарбаевты президентім деп танымайтын орыс азаматтарының әрекеттерін қандай ақылға сыйғызуға болады? Қазақтарды ғасырлар бойы қырып-жойып, зорлап орыстандырғаны, жарты қазақтың өз ана тілінен айрылғаны бұлтартпас шындық. Сонда қазақтарда конституциялық құқық жоқ та орыстарда ғана конституциялық бар ма? Сізден, ҰЛТАРАЛЫҚ ЖАНЖАЛДЫ АЛДЫН АЛУ үшін аталған акцияны тоқтатып, акцияны ұйымдастырушылардың жазалануын сұраймыз. «Лад» республикалық славяндар қозғалысын, Көкшетаудағы Михаил Архистратиг храмының қызметкерлерін, сондай-ақ осы күнге дейін сол акцияның алдын алмай астыртын қолдау білдіріп келген Ақмола облысының әкімі Сергей Александрович Дьченконы Қазақстан Республикасы Конституциясының 20-бабы 3-тармағына, Қазақстан Республикасы «Ұлт¬тық қа¬уiпсiздiк туралы» заңының 7-бабы 5-тармақшасына, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 1-бабы 164-тармақшасына сәйкес жазалануларын сұраймыз. Құрметпен,
Авторы:
Pazylbek

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту