Ескі архив · 13.07.2011 18:32

Жапония күнделігінен: Нагасаки Бейбітшілік паркі

Nagasaki Peace Park Жапонияның Нагасаки қаласында орналасқан, Екінші Дүниежүзілік Соғыс кезінде 1945 жылдың 9-тамызында қалада болған атом бомбасының жарылысына ескерткіш ретінде ашылған. Тарихы Парк 1955 жылы жарылыстың эпицентріне жақын жерден салынған, Ураками шіркеуінің қалдықтарын әлі де көруге болады. Бұл шіркеу кезінде Шығыс Азияда ең үлкен шіркеу болып саналған екен. Парктің солтүстік шетінде Нагасаки префектурасының мүсіншісі Seibou Kitamura жасаған биіктігі 10 метр Бейбітшілік Статуясы орналасқан. сурет мына жерден алынды Статуяның оң қолы ядролық қарудың қауіптілігін көрсетсе, сол қолы мәңгілік бейбітшілікті бейнелейді. Кейіпкердің бет-әлпеті ерекше бейқамдықты, жұмсақ жұмылған көздері пір етушіге бомба жарылысының құрбандарына тыныштық тілеуді көксейді.Бүгілген оң аяғы мен жартылай созылған сол аяғы медитация мен әлем халықтарына көмек беруге дайындығын көрсетеді. Статуяға қарсы орналасқан қара мәрмәр таста жарылыс құрбандары мен кейін апат салдарынан қайтыс болған жандардың аты-жөндері жазылған. Келген қауіп — Зала келген жер көлемі 6.7 миллион шаршы метр Бүлінген үйлер: Толықтай жанып кеткен 11,574 Толықтай жоғалған: 1,326 Қатты бұзылған: 5,509 Толық құртылған ғимараттар саны 18,409 Адам шығыны: Қайтыс болғандар: 73,884 Жарақаттанғандар 74,909 Жалпы 148,793 Ендігі кезек суреттерде: Келесі бағытымыз — Гловер Гарден!
Авторы:
Gulistan

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту