Ескі архив · 14.07.2011 11:09

Футбол синдромы...

Басталды менің ауруым тағы да… Бүгін футбол. Менің «Ақтөбем» Еуропа лигасында Венгрияның «Кечкемет» командасымен ойнайды. Әрине, біздің ТВ ол ойынды көрсетпейді, ақша жоқ, техника жоқ сгин. www.livetv.ru сайты аман болсын, интернет арқылы көремін ойынды. Менде осындай маңызды футбол болатын күндері ауруым басталады. Күні бойы барлық жұмыстар жайына қалады. Тек осы футболды ойлаумен боламын. Ойын басталады ауру асқына бастайды, айналаңдағы бәріне жының келеді, ешкіммен сөйлескің келмейді. Ойын бітеді, ұтасың немесе ұтыласың. Қуанасың немесе боқтайсың. Сосын бір темекі, сок, ұйқы. Ертеңіне түк болмағандай өмір қайтадан жалғасады…
Авторы:
arshatoraz

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту