Ескі архив · 15.07.2011 13:18

Атыраудағы кезектен тыс @satibaldi оқулары

Осыдан біраз күн бұрын (алдыңғы күні) Атырауда керемет жиын болды. Таңертең Атырауға гастаның келуінен басталды. Бағдарлама бойынша, 9.40 вокзалда Гастарбайтерді күтіп алу, 9.55 жәймен әңгімелесіп, парковкадағы машинаға келу. 9.56 машинаны қыздырып қайда барасың деп сұрау. 10-20 баратын жеріне жеткізіп салу, „онесі-ай! демесін„ деп бірге кіру. Сосын қалған бағдарламаға өзгеріс енгізіп, дабай жақсы көріскенше деп кетіп қалу. Бұл кез келген адамды күтіп алғандағы бағдарлама. Біздер форматтан біраз ауытқып, сағат 11.30 шамасында бір аяқ шай ішеміз деп, кафеге барып бір жола түстендік. Сол отырыста басталды бәрі. Мақым жыраудың аузынан төгілген Сатыбалдының қасиетсіз, өнегесіз жырлары Сатекең тіріліп кешірерсіз ұшып келгендей сезімде қалдырды. Одан қала берді Гастарбайтердің тариққа шегінісі, Сатыбалдымен бірге ішіп, шегіп келгендей әсер етті. Бұл салиқасыз жиынға шектеу өз еркімізбен қойып, тарқасу мүмкін емес еді, бірақ сол бір шыр еткен қалтафон үні кешке дейін үзіліс жариялауға мәжбүрледі. Әркім өз жұмыстарына тарқасты. Гастаны мен ала кеттім. Желіге қосылған компьютерді пайдалану шарттарын түсіндіріп, ара-тұра шегіп келетін жерді көрсеткен соң қызметіме кірістім. Гаста кешкі отырысқа дереккөт іздеуде. Кешкісін Нұрберген, Бал(к)енти, Неоман, Мейрбек Гастарбайтер, Гүлістан сынды керекшілер жиналып, „Сатыбалды оқуларының„ жалғасын ашық деп салтанатты түрде жарияламасақ та жалғастыра бердік. Сатыбалдының тірі көтін кешіріңіздер көзін көрген аға буын „Ех, Сатыбалды, осындай екенсің ғой„ деген пікір қалыптастыратын тарихи әңгімелермен кешіміздің ұйтқысы болса, Сатыбалды шығармашылығына терең бойлаған жастарымыз салихасыз Сатыбалдының жазғандарын жіпке тізген мошақтай үйрек қалпында жеткізіп, Неомандардың аузын ашқызды. Әрине форматсыз жиын болғасын ауытқушылықтар да болады, сөз арасында аз-мыз Саян-үш, сол күнгі хит „Қарбыз шопағы„ әңгіме болды. Төменде „Сатыбалды оқуларын„ сәтті аяқтап шыққан кездегі Гүлістанның түсірген фотосын үйрек қалпында ұсынамын.
Авторы:
sigma

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту