Ескі архив · 15.07.2011 02:25

Еуропа Лигасында Қазақтар күні

Жігіттер бүгін жарады. Еуропа лигасында ойнаған үш командамыз да бүгін сәтті ойнады. Қарағандыда «Шахтер» Ирландияның «Сент Патрикс» командасын 2-1 жеңіп, келесі раундқа өту үшін үлкен қадам жасады. Ал сырт алаңдарда ойнаған «Ертіс» пен «Ақтөбе» 1-1 тең түсті. Павлодарлықтар Грузияның «Олимпи» командасымен ойнаса, «Ақтөбе» Венгрияның «Кечкеметімен» ойнады. Сырт алаңда соғылған бұл голдар келесі аптада ойналатын реванш матчтарына үлкен жеңілдік әкеліп отыр. Сондай-ақ командаларымыз УЕФА рейтингіне де ұпайлар қосты. Жеңіс көп болсын!
Авторы:
arshatoraz

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту