Ескі архив · 15.07.2011 23:45

Ішкі жеке толғаныс

Көп болды керек жаққа кірмегелі, Флуды көп посттарды ілмегелі. Ассалаумағалейкум ағайын-жұрт, Улап-шулап отырған іргедегі. Мына бала не деп кетті демеңіздер Ақтарайын жиналғанын көңілдегі. Плюс қою, минус қою болса дағы, Нысанағы ілмеңдер енді мені. Сайытымыз бірер күн жабылып қап Басталып ед керекшілер дүрбелеңі. Админ ағай Аршаттың арқасында Сайтқа қайта бәрі кірген еді. Алайда айта кетер бір нәсе бар Айтудың да уақыты келді енді. Қолданушы этикасын айта-айта, Аршаттың шыдамы да біткен еді. ҚазНет деп еңіреген сол ағамыз Керек-айтыс жасауға уәделеді. Әкімдерші сөздері желге ұшты ма? Сағат жылжып, апталар өткен еді.(Айхай-ахоооуу! Аааа-ииии!)
Авторы:
konvict

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту