Ұрлау ма, әлде қайталау ма?
Жігіттер квартетінің «О, махаббат» деген әнінің музыкасы басталып келе жатқанда Kelly Clarkson-ның «Because of you» әнінен көшірілгені білініп тұрады. Әннің бірінші шумағы басталысымен-ақ музыкасы Сырым Исабаев пен Мадина Шәріпова орындайтын әннің (әннің аты еске түспей тұрғаны) музыкасы болып шыға келеді.
Жігіттер квартеті орындайтын тағы бір «Қайдасың қайда» деп келетін сөздері бар әнде де музыка Мұнарлан тобының «Ұялы телефон» жайлы әнінен алынған.
Ұрлап алды ма, көрсетпей сұрап алды ма, жоқ әлде сазгерлер бір сатқан музыкасын екінші біреуге де сата береді ме білмедім.
Үрімшіде бір үлкен дүкенде жүргенімде таныс әуенді естідім, сөзі ұйғырша болса да музыка өте таныс болды. Қателеспесем сол музыкасы бар әнді бізде Алтынбек Тәшімбетов орындайды.
Енді жұмбақ: «Enigma-Prism of life»-ты тыңдап көрген адам бар ма? Әннің бастамасындағы ер адамның «эм-майо»-сын біздің қай әнші өз «шедевірінде» қолданған еді?
