Ескі архив · 17.07.2011 16:44

Ерін

Шаттанғым – ақ кеп тұрғаны, Лапылдаған отқа айналдым. Ерініңнен өптім-дағы, Өз – өзімді таппай қалдым. Болмысыңды ұғынғандай, Тек бір маған сенші-дедім. Ерніңнен шырын балдай, Ерніме енші бердің. Көңілім саған құлшынар ма? Көкірегімді басты ма елес. Ерініңіз құлпынай ма? Тәтті де емес, ащы да емес. Жігерімді ұйытты үміт. Еңсемді әрі биіктеттің. Өзіңді мен сүйіп тұрып, Өмірді де сүйіп кеттім. Махаббатты қиын дер ем. Ақ жолыңда өлсем мейлі. Бірақ, сені сүю деген. Сүйісумен өлшенбейді. Олжас ҚАСЫМ
Авторы:
Kasymolzhas

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту