Ескі архив · 17.07.2011 16:50

Кітап шығарғым келеді - Әуесқой бодибилдинг және фитнесс жайлы

1) Идея (статусы: арман, мақсат, жартылай жүзеге асырылған, дамыту) — Идея былай, қазақ тілінде әуесқой дене шынықтырушыға арналған практикалық кеңестер мен теориялық негіздер жинағы. Статусы: Жоспар түрінде. Аты: Ойлап тапқан жоқпын. Мазмұны: 1) Кіріспе (жазуға не түрткі болды) Негізгі бөлім: Теория: * Неге бодибилдинг? (Бодибилдинг туралы жалпы қысқаша) * Бастама (қалай, неден бастаған дұрыс) *Залдағы этикет * Генетикалық багаж, сымбат түрлері * Демалыс және ұйқы * Тамақтану, белсенді қоспалар * Тренинг (травманың алдын алу, және интенсивтілік) Сұрақ-Жауап: * Әйелдерге айналысуға бола ма? * Дәрі ішсем не болады? (фармакология зияны) * Тастап кетсем салбырап қала ма? * Ауыр салмақ жүрекке зиян ба? * Науқастарға, жазылук кезінде жаттығуға бола ма? * Неше жастан бастауға болады? * Неше жаста тастау керек? т.б Мотивация: * Бодибилдер өмір салты (кедергілер, психология, философиясы, т.б) * Бодибилдинг пірлері (ББ -жұлдыздары) * Бодибилдинг Қазақстанда (дамуы, тұлғалар, перспектива) Қосымша: * Бағдарламалар тізімі (ет жинау, қарын құрту т.б) * Қазақстан қалаларындағы тренажер залдары мен фитнесорталықтар адресінің толық жиынтығы. — 2) Жету жолдары (әрекеттер тізімі) Алдымен бәрін жазу. Баспаға тапсыру. Кітап дүкендерімен келісу (каналдарын табу керек) Нарыққа шығарудың өзге тәсілдері. 3)Кедергілер мен ресурстар (ақша, таныс, ақпарат т.с.с) Күмән. (ешкімге қызық болмайды) Кітап дүкендерімен таныстығып жоқ. Қалай кітаптарды пиар жасау керектігі жайында, және тарату жайында ақпараттың болмауы. 4) Сұрақтар Кім маған баспа жағынан, немесе кітап дүкендері мен нарыққа шығару жағынан, және редакциялау жағынан қол ұшын бере алады? Жалпы болатын дүние ме? Үлкен қалада тұратындарың кітапханаға барып, қазақша ұқсас материалдар бар-жоғын біліп бере аласыздар ма? Сосын осы тектес қазақша кітаптарға сұраныс жер-жерде қандай? Сондай-ақ кітаптың версткасына қатысты, мазмұнына суреттер қажет пе, дизайны, кітаптың сыртқы беті қалай болғаны жайлы, және атауы жайлы ұсыныстарың бар ма? Көмектесіп жіберсеңдер, егер Шива қолдап кітап шығып жатса, Кіріспесінде әмерикандар стилімен рахмет айтып, аттарыңды жазуға уәде берем.
Авторы:
Gastarbaiter

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту