Әлемді таң қалдырған Азия футболы
Германияда өткен 2011 жылғы әйелдер арасындағы футболдан Әлем чемпионатының бас жүлдесі — Жапония құрамасына бұйырды.
Жарыстың 1/4 матчында алаңға қарсыластарын менсінбей шыққан Германия құрамасын қапы қалдырған Жапония құрамасы, келесі кезекте Швеция құрамасын 3:1 есебімен жеңіп, финалда АҚШ құрамасымен алаңға шықты. Әрине, көптеген сарапшылар бұл жағдайды кездейсоқтық пен сәттілік деп те тұжырырымдап жатты. Десе де, АҚШ құрамасын айналып өтеді деп ешкім күтпеген де болар. Матч бойы қарсыластарының қыспағында болған шыдамды жапондықтан, ойын барысын 1:1 есебімен тең аяқтап, пенальти нәтижесі бойынша, 3:1 есебімен жеңіске жетіп, Әлем назарын өздеріне аудартты.
(Сурет www.dw-world.de сайтына тиесілі)
